Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде «Цифрлы ұстаз» жобасы іске асырылады

Елімізде «Цифрлы ұстаз» жобасы іске асырылады

Елімізде «Цифрлы ұстаз» жобасы іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, Президент Жолдауын іске асыру жалпыұлттық жоспарының үшінші бағытында 12 іс-шараны іске асыру көзделген.
«Типтік оқу жоспарларын алып тастау бойынша «Білім беру туралы» Заңға өзгерістер енгізіледі. Мұғалімдерді 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуді ұйымдастыру жоспарлануда. Қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсарту, сонымен бірге «Цифрлы ұстаз» жобасы іске асырылады», деді Әсет Ерғалиев.
«Мектептердегі орын тапшылығы проблемаларын шешу үшін 2025 жылға дейін кемінде 1000 мектеп салу жоспарлануда. «Жас талап» жобасы аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамтамасыз ету көзделіп отыр», деді ол.


07 қыркүйек 2021 ж. 728 0

Менің жасыл қалам

27 наурыз 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31