Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылғы жеті айда 32 млрд доллардың экспорты жасалды

Биылғы жеті айда 32 млрд доллардың экспорты жасалды

Қаңтар-шілде айларында Қазақстанның сыртқы сауда тауар айналымы 53,7 млрд доллар болды. Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осындай мәлімет айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Биылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 53,7 млрд АҚШ долларын, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 32 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 23,4% өсіп, 10,4 млрд АҚШ долларына дейін жетті», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол жалпы сауда балансы 10,4 млрд АҚШ долларын құрап, оң деңгейін сақтағанын атады.

«Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Өндіріс көлемі 5,8%-ға өсті. 14 өңір бойынша оң өсім көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсім Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Қызылорда облыстарында байқалып отыр», - деді Әсет Ерағалиев.

Ал өңдеу өнеркәсібі бойынша вагондар мен локомотивтер өнідірісінде ең жоғары көрскеткіш тіркелген – 48,9%.

Фармацевтикалық өнім өндіруде – 40,8%, машина жасау – 23,9%, оның ішінде автомобиль жасау – 34,2%, вагондар мен локомотивтер өндірісі – құрылыс материалдары – 11,6%, пластмасса бұйымдары – 26,5%, дайын металл бұйымдары – 18,6%, киім – 16,3% және жиһаз – 16% деңгейінде серпінді өсуді көрсетіп отыр.

«Биылғы жылдың сегіз айында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,4%-ға өсіп, құрылыс секторы жоғары қарқын көрсетуде. Көрсеткіштің оң өсімі барлық өңірлер бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсімі Ақмола және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалады», - деді Ұлттық экономика министрі.
14 қыркүйек 2021 ж. 529 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 67

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 69

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 69

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 51

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031