Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 айда Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 750 долларға жетті

5 айда Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 750 долларға жетті

2021 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан мен АҚШ сауда айналымы шамамен 750 млн доллар болды, деп хабарлайдыinbusiness.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.  

Ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов АҚШ сауда өкілі Кэтрин Таймен келіссөз жүргізген. Қос тарап екі ел арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететін бірқатар мәселені талқылады.

Министр Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2020 жылы 1,7 млрд доллар болғанын атап өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,9%-ға (2,2 млрд доллар) төмен. 

2021 жылғы 5 айда қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 0,2%-ға өсіп, 749,8 млн долларға жетті. Келіссөздер барысында сауда және интеграция министрі Джексон-Вэниктің Қазақстанға қатысты түзетуін жоюға қатысты мәселені атап өтіп, АҚШ президенті әкімшілігі тарапынан аталған мәселені шешуге көмек көрсетуді сұрады. 

16 шілде 2021 ж. 896 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930