Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бензин тағы қымбаттады

Бензин тағы қымбаттады

2021 жылдың шілдесінде АИ-92 құны 14,8%-ға өсті, деп хабарлайды zakon.kz LS-ке сілтеме жасап.
Статистика деректері бойынша, осы жылдың шілде айында Қазақстанда ЖЖМ-нің бұл түрі орташа литріне 173,05 теңгеден сатылған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,8%-ға артық. Бір ай ішінде отын 0,9%-ға қымбаттады. Бұл ретте Петропавлда АИ-92 литріне 180 теңгеден, ал Көкшетауда литріне 165 теңгеден сатылады. Алматыда жанар-жағар май литріне 173 теңгеден, Нұр-Сұлтанда –174 теңгеден, Шымкентте – 169 теңгеден сатылды.
АИ-95 бір жыл ішінде 15,3%-ға, литріне 197,73 теңгеге дейін қымбаттады. 0,6% айлық құрады. Ең қымбат отын Қостанайда сатылады – литріне 208 теңге, Қызылордада – 184 теңге. Нұр-Сұлтанда – литріне 201 теңге, Алматыда – 200 теңге, Шымкентте – 196 теңге.
АИ-98 шілде айында литріне 216,42 теңге болды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 14%-ға көп, бір ай бұрынғымен cәйкесінше, 0,5%-ға аз. Павлодар бойынша жанар-жағар майдың литрі 228 теңге, Көкшетауда – 194 теңге. Нұр-Сұлтанда – 214 теңге, Алматыда – 215 теңге, Шымкентте – 220 теңге.
Жазғы дизель отыны бір айда литріне 196,32 теңгеге дейін 2%-дық өсімді көрсетеді. Бір жыл ішінде баға 6,4%-ға өсті. Жанар-жағармай бағасы Қостанайда – литріне 212 теңге, ал Семейде арзанырақ 191 теңге.
Бұған дейін Қазақстанда бензин Ресейге қарағанда тезірек қымбаттап жатқаны хабарлаған болатын.
16 тамыз 2021 ж. 895 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 300

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031