Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күнбағыс майы қаншалықты қымбаттады?

Күнбағыс майы қаншалықты қымбаттады?

Бір жыл ішінде күнбағыс майының бағасы бірден 60,4 пайызға өсіп, 2021 жылдың маусымында күнбағыс майы Қазақстанның дүкендері мен базарларында литрі 713 теңгеден сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Energyprom.kz сайты мәлімдеді.
Жыл басынан бері елімізде 93,3 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда алты пайызға көп. Тазартылған күнбағыс майының 76,9 мың тоннасы өндірілді. Былтырғымен салыстырғанда 37,4 пайызға артық.

Тазартылмаған күнбағыс майының басым бөлігі ШҚО-да өндіріледі, жалпы көлемнің 72,2 пайызы. Тазартылған май өндірісі бойынша Шымкент көш бастап тұр: 34,9 мың тонна немесе ел бойынша барлық көлемнің 45,4 пайызы. Қазақстандық компаниялар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында күнбағыс майына деген сұранысты 83,2 пайызға арттырды.

2021 жылғы маусымда елдің базарлары мен дүкендерінде майдың орташа бағасы литріне 713 теңге болды. Түркістан тұрғындарына бір бөтелке май - литріне 773 теңгеден.

Қарағанды облысында бір жылда баға 80 пайызға өсті. Алматыда - 75,9 пайыз.

Еске салайық, маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанда көкөністер мен жемістер бір айда бірден 7,7 пайызға өскен және былтырғымен салыстырғанда 14,2 пайызға қымбаттады.



Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/283473-qazaqstanda-kunbaghys-mayy-qanshalyqty-qymbattady
© egemen.kz
02 тамыз 2021 ж. 832 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930