Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда пәтер бағасы қаншаға қымбаттады

Қазақстанда пәтер бағасы қаншаға қымбаттады

Зейнетақы жинақтарын алу бағдарламасы басталғаннан бері елдегі  тұрғын үй бағасы 6 пайызға жуық өсті, кейбір өңірлерде шаршы метр бірден 28 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Кrisha.kz  сайтына сілтеп. 

Сайттың мәліметінше, Ақтауда пәтер бағасы бұрын соңғы болмаған көрсеткішке өскен. Қаңтар айында құн индексі 27,7 пайызға өсіп, бір шаршы метр 245 120 теңгені құрады.
Сондай-ақ, Ақтаудан басқа екі қалада:
Оралда (+10,6 пайыз - 252 980 теңге бір шаршы метрге)
Атырауда (+10 пайыз, 311 360 теңге бір шаршы метрге) пәтер бағасы шарықтап тұр. 
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану бойынша үш қала көш бастап тұр.
Көкшетауда шаршы метрге ең аз баға көтерілді. Мұнда өсу индексі небәрі 2,3 пайыз (бір шаршы метрге 269 580 теңге).
Республикалық маңызы бар қалалар арасында Алматы көш бастап тұр. Қаңтар айында мұндағы шаршы метр 4,4 пайызға қымбаттады. Оның наурыз айындағы орташа құны - 488 800 теңге.
Шымкентте зейнетақы науқанының екі айында бір шаршы метрдің бағасы 3 пайызға өсіп, 323 460 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй бағасы да 3 пайызға көтерілді. Бір шаршы метрге орташа баға 367 700 теңгені құрады.
Ақтөбеде тұрғын үй қорындағы жылжымайтын мүлік 8,3 пайызға қымбаттады, шаршы метрі 193 620 теңгені құрайды.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап Қарағандыда пәтерлер бағасы 7,3 пайызға, Өскеменде-7 пайызға, Қызылордада - 6,5 пайызға өсті.
Баға өсу индексі Павлодарда 5,8 пайызды (270 360 теңге шаршы метр), Семейде - 5,8 пайызды (250 840 теңге шаршы метр), Қостанайда – 5,4 пайызды (267 560 теңге шаршы метр), Талдықорғанда - 5,2 пайызды (273 260 теңге шаршы метр), Петропавлда - 4,4 пайызды (322 000 теңге шаршы метр) және Таразда – 3,4 пайызды (222 240 теңге шаршы метр) құрады.
Наурыз айында Қазақстанда баға өсімі 2,9 пайызды құрады. Ең жоғары динамика Ақтауда (+13 пайыз), Қарағандыда (+6,1 пайыз), Атырауда (+4,9 пайыз), Ақтөбеде (+3,9 пайыз) және Қостанайда (+2,8 пайыз).
Алматыда баға өсімі 2 пайызды құрады.
Ең тұрақты бағалар Петропавл (+1,4 пайыз), Тараз (+1,4 пайыз), Нұр-сұлтан (+1,3 пайыз), Шымкент (+1,3 пайыз) және Көкшетау (+0,3 пайыз).

02 сәуір 2021 ж. 2 801 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 68

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930