Жаңашыл жобалар жетістігі
Халықтың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында елде бірнеше бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның бірі жұмыссыздықты жоюға бағытталса, енді бірі тұрғын үйге мұқтаж жандардың санын азайтуды көздейді. Сондай-ақ ауылды көркейтуге, туған жерді түлетуге бағытталғаны да қаншама. Ал кәсіпкер боламын деушіге кедергісіз орта қалыптасқан. Тіпті оларды қаржылай қолдап, түрлі жеңілдіктер жасалады. Мемлекет көрсеткен қамқорлықты сезініп, кәсіптен береке табам деушілер қатары Қазалыда да артып келеді.
Қазіргі таңда ауданда 4364 кәсіпкер тіркелген. Сол кәсіпкерлерге қаржы ұйымдары тарапынан 506 жоба бойынша 2,3 млрд теңге берілген. Бұл бойынша 485 жаңа жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде мемлекет қазынасына 156 млн теңге салық түсті.
2019 жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы арқылы 684 млн теңге болатын 22 жоба қаржыландырылды. Ал «Еңбек» бағдарламасы бойынша 419 жоба жұмысын бастады. Жыл соңына дейін жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің санын 4 788 бірлікке жеткізу жоспарлануда. Бұл мақсатта биылғы жылға «Бастау бизнес» жобасымен 120 адамды оқыту межеленіп отыр. Бұған дейін 2019 жылы оқу курстарынан өткен 600 адамның 251-і қаржыландырылған болатын. Жыл соңына дейін қалған 349 адам қажет еткен қаржысына қол жеткізеді деп күтілуде.
Бұған дейін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова іссапармен ауданда болғанын жазған болатынбыз. Осы орайда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудандағы ахуалды мәлімдеді.
– 2020 жылы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде кәсіпкерлік мақсатта берілетін қаржы портфелін 2,5 млрд теңгеге жеткізіп, 500-ден аса жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Қазірдің өзінде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 105 млн теңгені құрайтын 3 жоба несие алып, оның сыйақы мөлшерінің бір бөлігі субсидияланды. Жыл соңына дейін несие портфелін 1 млрд теңгеге жеткізу жоспары бар.
Қазіргі таңда Елбасы бастамасымен іске асырылып жатқан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша құны 29 млн теңге болатын 2 жоба мақұлданды. Жыл соңына дейін бағдарлама аясында несие портфелін 1 млрд теңгеге жеткізу межесі қойылып отыр, – деді.
Сондай-ақ кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында Әйтеке би кентінен 6,9 гектар «Индустриялық аймақ» жобасы дайындалып, тұрғындарға берілгендігін атап өтті. Қазіргі таңда бұнда 5 жоба іске асырылып, 23 жаңа жұмыс орны ашылған. Аталған аймақта жаңадан жүзеге асырылатын 2 жоба бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазір аймақта 2 гектар жер учаскесі пайдаланылмай отыр. Биыл онда жерге «Балық қалдығынан жем шығару» (ЖК «Т.Игіліков») жобасы жүзеге асырылатын болады. Осыған сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы несие алынып, жер учаскесі рәсімделуде.
Бұл ауданда атқарылып жатқан істердің бір парасы ғана. Кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуге ниеттілер биыл да аз емес. Басты міндет – екі қолға бір күрек тауып, жұмыссыздық қамытынан босану.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА