Қаржылай қолдау қарқынды
Қазақстанда халықтың кәсіп бастауына жан-жақты жағдай жасалып отыр десек жарасады. Өйткені мемлекет қаржысы есебінен кәсіпкерлікке оқытып, ол аз десеңіз тегін білім алғаны үшін стипендия тағайындалады. Бизнестің қыр-сырына қаныққан соң, талапкердің қолына сертификат беріп, сол арқылы қайтарымсыз несие жеңіп алу мүмкіндігі қоса ұсынылады. Бұған қолы жетпегендер болмашы өсіммен жеңілдетілген несие алуына тағы болады. Осындай қарқынды қолдаудың арқасында қазіргі таңда ел экономикасы әжептәуір жетістікке қол жеткізді. Ортақ мақсаттың іске асуына аудандық кәсіпкерлік саласы мамандары мен кәсіпкерлер де айрықша үлес қосып келеді.
Аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі мәліметке сүйенсек, кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4288 бірлікті құраған. Соңғы алты айдағы санақ бойынша жаңадан 561 кәсіпкер тіркеліп, жұмыс бастаған. Сала мамандары ұсынған статистикалық мәліметтерге сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3800-ге жуықтап, белсенділік көрсеткіші 88,5 процентті құраған. Бұл цифр жергілікті кәсіпкерлер санының өсім алғанын көрсетеді.
Кәсіпкерлерге кәсіби білім беру бағыты бо¬йынша “Бастау бизнес” жобасы арқылы облыс тарапынан 120 адамды оқыту межеленген. Қазіргі таңда жоспар бойынша ондаған қатысушыдан тұратын үш топ оқыту курсын аяқтады. Ал “Бизнес кеңесші” бағдарламасына сәйкес 60 адамды оқыту белгіленсе, нәтижесінде 119 азамат сертификат алды. Ал стартап жаңа бизнес-жобаларды жүзеге асыру мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 30 қатысушыға 252 500 теңге көлемінде 7,5 миллион теңге мемлекеттік грант берілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 77 кәсіпкер 254,9 млн теңге несие алды.
Жергілікті кәсіпкерлерді қаржымен қамтамасыз ету бағытындағы іске “Қызылорда” өңірлік инвестиция орталығы” микроқаржылық ұйымы” белсенді атсалысуда. Оның бақылау кеңесіне ауданнан 94 жоба ұсынылып, жалпы құны 169,6 млн теңге болатын 48 жоба мақұлданды. 25 бизнес-жоспар облыстық бюджет есебінен, тағы 23-і “Еңбек” бағдарламасы тарапынан қаралған. Сонымен қатар “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында ауданнан құны 494 млн теңгеге бағаланған 16 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несиелендіріліп, “Даму” қорының қолдауымен олардың сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланған. Мемлекеттік гранттық қаржыландыру компо¬ненті аясында осы жылдың маусым айында жарияланған конкурсқа қосымша 47 үміткер құжаттарын тапсырған болатын. Қортындысында қаржы көлемі 3,2 млн теңге болатын 10 жоба қолдау көріп, кәсіпкерлік бағытта грантқа ие болған 6 азамат қалаған жұмысын бастап кеткен. Бұған қоса “Қазалы Несие” серіктестігінің “Агробизнес – 2020”, “Сыбаға” бағдарламалары арқылы 208,6 млн теңге несие алған 14 кәсіпкер де сала дамуына өзіндік септігін тигізуде.
Қомақты қаржылай көмекті “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасына жобасын ұсынғандар да алуда. Қазіргі таңда көлемі 450 млн теңгеден асатын 10 жоба іріктеліп, құны 10 млн теңгені құрайтын жалғыз жоба мақұлданған. Бұдан басқа 345 млн теңгені қажет ететін екі бизнес-жоспар құжаттары екінші деңгейлі банктерде қаралуда. Қалғандары бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы айтқанда, аудан кәсіпкерлерінің сауда айналымын жақсартуға, өндіріс орындарын ашу мен дамытуына қолдау көрсету мақсатында 162 өтініш қабылданып, 1 176,3 млн теңге несие берілген. Демек, жергілікті кәсіпкерлер қаржылай қолдаумен толық қамтылып отыр деуге негіз бар.
Ел экономикасының дамуына айрықша әсер ететін ауқымды жобаларды іске асыру бағыты бойынша да атқарылған игілік аз емес. Мәселен, “РЗА” акционерлік қоғамының құны 450 млн теңге тұратын “1200 басқа арналған ірі қара малын өсіру кешені мен сүт зауытының екінші кезеңін іске асыру” жобасы өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Сонымен бірге “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автомагистраль бойындағы жол бойы сервисі жобаларын іске асыру мақсатында автокөлік дәлізі бойынан 5 жер учаскесі қарастырылған. Қазіргі уақытта оның үшеуінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. “Global Alatau Group” серіктестігі құрал-жабдықтарын орналастыруды бітіріп, жақын уақытта пайдалануға береді. Тағы бір учаскенің иесі саналған “ДинГул” жеке кәсіпкерлігіне Еңбекші қазақ ауылының маңынан берілген 0,5 гектар жер учаскесіндегі құрылыстың кешеуілдеуі және жердің мерзімі аяқталуына байланысты қайтарылып алынды. Тиісті мамандар аталған учаскені игеру үшін басқа кәсіпкерлерге ұсыныс беруде.
Бұлардан бөлек, Қазалыда “Өндірістік аймақ” ұйымдастыру бағытында кәсіпкерлер тарапынан 4,8 гектар жерге өтініш түсіп, жалпы құны 172 млн теңге тұратын 8 жобаны іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Қазір оның 102 млн теңгесін құрайтын 5 жоба іске қосылған. Сондай-ақ ағымдағы жылы жеке кәсіпкер Ә.Әбиевтің 10 миллиондық “Жылыжай салу” жобасы мәресіне жетіп, кәсібін бастап кеткен.
Осы уақытқа дейін ауданда бірқатар экономикалық маңызы бар нысандар ашылды. Әсіресе Әйтеке би кентінде пайдалануға берілген “Exclusive”, “AryNaz” сауда үйлері, “RR” мейрамханасы, “Аянат” ойын-сауық орталығы, жеке кәсіпкер Қ.Кулдеевтің “Автокөлікке қызмет көрсету сервисі” мен “ Nur-Med.kz” медицина орталығы көше келбетін еселеп арттырды. Жақын арада көкөніс сақтайтын қойма, жанар-жағар май құю бекеті, сауда үйлері мен онға жуық нысанның ашылуын өткізуге дайындық жүргізілуде.
Сала өкілдері жыл аяғына дейін 950 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлап отыр. Жартыжылдық қорытындысына сәйкес қазіргі таңда 21 азамат уақытша, 567 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланған құны 50 млн теңге тұратын көкөніс қоймасы, әрбірінің бағасы 10 млн теңгеге бағаланған “Автопарк” пен “Мал шаруашылығы өнімдерін қабылдау және өңдеу” орталығы уақытылы іске қосылса, аудандағы екі қолға бір күрек іздеген азаматтар көрсеткіші біршама төмендеп қалары анық.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ