Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірі елімізде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандар бойынша көш бастап тұр

Сыр өңірі елімізде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандар бойынша көш бастап тұр

Қызылорда облысы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандары жөнінен еліміз бойынша көш бастап тұр. Биыл облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер 11 пайызға көбейіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны  51 753-ті құрады. Бұл өткен 2017 жылға қарағанда 6,3 пайызға артық. «2018 жыл облысымызда «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланғаны белгілі. Кешенді «Жол картасы» әзірленіп, нәтижесінде ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлу көзделуде. Айта кетейік, қабылданған қажетті шаралардың алғашқы нәтижелері байқалып, биылғы жылы облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер 11%-ке көбейіп отыр. Аталған көрсеткіш бойынша нақты кезеңде Қызылорда облысы аймақтар арасында көш бастап тұр», - деді облыс әкімінің орынбасары  Евгений Ким. Қазір аймағымызда шағын және орта бизнесте (ШОБ) еңбек етіп жүргендер саны  83 144 жанды құрады. Жыл соңына дейін олардың қатарын 90 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Биыл қайтарымсыз грантқа жоба ұсынғандар қатары мол болды. Конкурстық комиссия жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын 224 жобаны мақұлдаған. Оның 159-ы жұмыссыз тұрғындардың жобасы болса, 22 жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға тиесілі, 25-і - жастар, қалған 18-і стартапшылар үлесінде. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша биылғы жылы 1600 жанды оқыту көзделсе, бүгінге дейін 796 адам оқудан өткен.  Оның 704-і жобаларын қорғаған. Ал «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқытылуға тиісті 1016 адамның 800-і оқудан өткізілді.
inform.kz 
17 тамыз 2018 ж. 1 213 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031