Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерге кеңшілік

Кәсіпкерге кеңшілік

Төтенше жағдай енгізілуі елдегі экономиканың бірқатар саласындағы жұмысты оңтайландыруға мәжбүрлеп отыр. Өйткені карантинге жабылған аумақтар мен індетке байланысты жұмысына шектеу қойылған азаматтардың жағдайы бұрынғыдай мәз емес. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жарлық шығарғаны белгілі. Үкіметтің қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық салу мәселелері бойынша бірқатар өзгерістер енгізу туралы да нақты шаралар қабылданды. Бұл жайында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаровтан сұрап білдік.
Коронавирустың зардабынан жапа шеккендердің басым бөлігі кәсіпкерлер екені анық. Олар үйдегі оқшауланған халыққа қызмет көрсетуін шектеп, тауарларын бұрынғыша сата алмай, салық төлеуде қиындыққа ұшырайтыны рас. Ауданның бас салықшысы аталған азаматтарға үкімет айрықша көмек жасап отырғанын тілге тиек етті.
– Жарлықта қамтылған кәсіпкерлер жыл басынан бергі белгілі бір салық төлемдерінен босатылады. Мәселен, ірі сауда объектілері, ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, спорт ғимараттары, туризм, тамақтандыру және қонақүй қызметтерін ұсынатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлік салығын төлемейді. Ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер осы мақсаттағы жерлері бойынша салықтан босатылды. Салық салудың жалпыға белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлер де жеке табыс салығын төлемесе болады.
Бұдан бөлек республика аумағында экспортқа өткізілетін бензин, дизель отыны бойынша акцизделетін тауар өндірушілер де рақымшылыққа ілікті. Бұндай кәсіппен айналысушылардың акциз салығы кешіріледі, – деді Темірлан Қожаназаров.
Сонымен қатар 2020 жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік таураларының тізбесіне қосылған тауарды өткізу айналымдарын жасаған және олардың импорты кезінде қосылған құн салығы 8 процент мөлшерлемеде бекітілді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 12 процентті құраған еді. Мұнымен қоса салықтық есептілікті электрондық нысанда ұсынған кезде табыс, мүлік, жер, көлік, бірыңғай жер салықтары мен қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы жасаушылардың, жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі бойынша салықтық есептіліктерін ұсыну уақыты 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды. Ал тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, салықтар мен бюджетке төленуі тиіс басқа да міндетті төлемдер осы жылдың 1 маусымына дейін қолданылмайтын болды. Әлеуметтік төлемдер бойынша өтеу мерзімі, берешекке байланысты мәжбүрлеп өндіру шаралары да аталған уақытқа дейін шегерілді.
Басқарма басшысы ел Президентінің 30 наурыздағы мәлімдемесіне сәйкес шағын және орта бизнес өкілдері қазан айының басына дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылатынын да мәлімдеді. Сондай-ақ адамзат үшін сын сағаты соққан сәтте салық төлеушілер үшін берілген жеңілдікті пайдаланып, кеселді жеңудің алғышарттарын орындауға шақырды.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
04 сәуір 2020 ж. 659 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930