Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қымызмұрындық —озық дәстүр

Қымызмұрындық —озық дәстүр

Әр ұлттың салт-дәстүрі — алтын қазығы, адастырмас ақ жолы. Өзінің көшпенді, отырықшы тұрмысына тән тағылымдарымен ерекшеленетін қазақ халқы жылқыны алғаш рет қолға үйретуімен де тарихтан орнын белгіледі.

Жылқы өнімі — отқа піспейтін, айран, ірімшік, не сүт болмайтын бие сүтін ашытып, қымыз жасау үрдісін сан жылдар бойы қалыптастырып, дамытқан алаш жұрты оның қасиеті мен қастерін де жоғары бағалаған. Бұл ұлттық сусынымызға қатысты дәстүрдің бірі — Қымызмұрындық.

Қыс өтіп, жазғытұры жеткенде құлындаған бие байланып, сауылады. Көктемдегі алғашқы қымыз ішуге арналған мұндай тойды ерекше әзірлікпен қарсы алған. Қымызмұрындықта бие сауатын үй оның сүті қорланып ашытылып, екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-көлемді шақырып, көпшіліктен бата алған. Алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен беріледі. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді. Халықтың бұл дәстүрі қонақжайлықты, жомарттық пен мәрттік, бірлікті меңзейді. Мерекеде үлкендер бапты қымыздан дәм татып, келелі әңгіме құрса, бәйбішелер қымыз баптау сырын келіндерге көрсететін болған.

Қымызмұрындық жыл сайын екі рет атап өтіледі. Біріншісі, бие байланып, қымыз қоры молайған кезде болса, екіншісі, биені ағыттық деген белгімен қымыз маусымы таусылар сәтте жасалады.

Өзге тағамдарға қарағанда, қымызды дайындау ісі күрелі. Бір қызығы, бапты қымыз кісіден орнықты мінезді қалайтын көрінеді.

Жақсы ашытылған қымыз дайындау мен оны ұзақ мезгіл сақтаудың жолдары да әралуан келеді.

Деректерде биені ай жарығымен сауып, сүтті аузы тығыз жабылатын құрғақ ыдысқа құйып, қоңырсалқын сөреге жатқызып, үстін қымтап тастау, қыш көзеге құйып, суытып, ашытқы салған соң ауа кірместей етіп жауып, қоңырсалқын қоймаға жіппен іліп қою жайлы айтылады.

Жаңа сауылған жылқының ашымаған сүті «саумал» аталады. Оның емдік қасиеті туралы әйгілі емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабында баяндалады. Аталмыш еңбектегі келтірілген деректе саумалды «ақтың төресі» деп төрге оздырып, сусынның қасиеті қырыққа жуық кеселге кесе тұратынын ескерсек, оны тұтынудың маңызы тереңділігіне бойлаймыз. Автор саумалдың ішкі ағзаларды түгелдей тазартып, қанның тазарып, қалыпты жүруіне септігін тигізетін теңдесіз дәру екенін алға тартады.

Әр қымыздың атына сай қасиеті, соған орай жол-жоралғы жасалады. Осыған байланысты ел арасында қымызды ұсынудың да өз әдебі бар.

Соңғы жылдары ұмыт қалып бара жатқан дәстүріміз дәріптеліп, «Қымызмұрындықтың» бойына қайта қан жүгіргендей болды. Еліміздің кей өңірлерінде түрлі атаумен осы мерекені тойлауды жаңғырту ісі қолға алынуда. Соның бірегейі —  бүкіләлемдік қымызмұрындық мерекесі. Мерекеге ықылас білдірушілер қатары жыл санап көбеюі ұлттық өнімге деген қызығушылықты байқатады.

Қазіргі таңда қымыздың емдік және тағамдық ерекшеліктері жаһандық танымға ие бола бастады, оны дайындау және тұтыну әлемнің көптеген елінде жолға қойылған.
Десек те қымыздың отаны саналатын ел Қазақстанда қымызмұрындықты тойлауды жалпыхалықтық сипатқа айналдырсақ, ұтарымыз көп болар еді.

Осы орайда мерекені тойлау арқылы, ата салтты ардақтап, өткенімізді оралтуға өлшеусіз үлес қосар едік.

Екіншіден, тұрғындардың сапалы азық-түлікке қол жетімділігін арттырып, оның қадір-қасиетін үлгі тұтамыз.

Үшіншіден, ата-бабадан келе жатқан мал шаруашылығын жаңғыртып, кәсіпкерлік көкжиегін кеңітуге де көмегін тигізері сөзсіз.

Төртіншіден, туризмді дамытып, елдің әлеуметтік, экономикалық дамуына лайықты үлесін қосар еді.
  Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
27 наурыз 2019 ж. 6 018 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930