Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық жас ғалым сиыр сүтінен қымыз сусын шығарып жатыр

Қызылордалық жас ғалым сиыр сүтінен қымыз сусын шығарып жатыр


Естімеген елде көп. Шиелі ауданындағы сүт өндеу кәсіпорнының технологы Баян Дүйсенбек сиыр сүтінен қымыз сусынын шығаруды қолға алды.  
 
Баян Дүйсенбек аталған кәсіпорында 2 жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасап келеді. Ол 2015 жылы Еуразия ұлттық университетінің Биотехнология мамандығын үздік тәмамдаған, қазіргі уақытта Алматы технологиялық университетінің магистранты.
Баян Еуразия ұлттық университетінде білім алып жүріп, университеттің кафедра меңгерушісі, биология ғылымының докторы Әсия Серікбаевамен бірге бірқатар зерттеу жобаларын жүргізген.

Қызылордалық жас ғалым бұған дейін өз зерттеуіндегі алғашқы жобасын жүзеге асырған. Дәлірек айтсақ, ол сүт өнімдерін 5 айға дейін сақтауға болатын жаңа ашытқыны өндіріске енгізген болатын. Бұл жолы Баян сиыр сүтінен қымызға ұқсас сусын жасамақ. Ол бұл жобаның да сәтті шығатынына зор сенімде.

«Қазіргі таңда сиыр сүтінен қымыз өңдеу ісін жүргізіп жатырмыз. Бұл жобаны ұлттық сараптама орталығымен бірге қолға алдық. Осының нәтижесінде қымыз сусынын жасап шығардық. Кәдімгі қымызбен салыстырғанда бұл сусынның аса көп айырмашылығы жоқ. Дәмі мен сапасына келетін болсақ, кәдімгі қымызбен тең дәрежеде деп айтуға негіз бар. Бұл жоба еліміз бойынша алғаш рет қолға алынып отыр. Қазір оны патенттеп жатырмыз. Сусын ауамен қанықтыру ісімен әзірленеді. Келесі жылдан бастап еліміздің барлық аймағына шығарсақ деген жоспарымыз бар. Сауылған таза қымыз болмаса да химиялық тағамдық құрамы, микроэлементтері кәдімгі қымызбен пара-пар», - дейді Баян Дүйсенбек.

Сиыр сүтінен қымыз алу үшін Баян сүттен шығатын көк суды пайдаланады. Кейін көк су қымызға ұқсау үшін қалыпқа келтіріледі.  
Баян Дүйсенбек алдағы уақытта сиырдың қаны арқылы оның ауруын анықтайтын ғылыми-тәжірибелік жұмысты қолға алуды жоспарлап отыр. Ол бұл жобасында «Иммунохроматографиялық тест жүйесі» арқылы мал ауруын 20 минут ішінде  анықтамақ. Соның ішінде малдан аусыл  ауруын  анықтауда ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жасалған.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Наурыз мерекесі қарсаңында Шиеліде шұбат өңдейтін цех іске қосылды.
Кәсіпкер Сабыр Ермахановтың бастамасымен ашылған цехта 7 түрлі өнім өндіріледі.  «Ару Ана» сүт өнімдерін өңдеу цехы халықты шұбат, айран, сүзбе, қымыз, ірімшік, балмұздақ өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Майлылығы 6 пайыз балмұздақтың мұнда шоколадты, ванильді, құлпынайлы «бубл гум» кілегейлі түрлері өндіріледі. Тәулігіне 600 литрден аса шұбат дайындалады. Биылдан бастап шұбаттан балмұздақ шығарыла бастады. Жапониядан әкелінген аппарат күніне 200 литр сүтті балмұздаққа айналдыра алады.

25 желтоқсан 2018 ж. 1 754 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930