Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысының Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысының Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзі

Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Digital Bridge 2025 халықаралық форумына қош келдіңіздер! Ең алдымен, осы маңызды жиынға қатысу үшін арнайы келген меймандарға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Бүгінгі алқалы жиынға Мажарстанның Президенті Жоғары Мәртебелі Тамаш Шуйоктің қатысып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Құрметті Президент мырза, елімізге ресми сапармен келіп, форумға қатысып отырғаныңызды жоғары бағалаймын. Сіздің идеяларыңыз және бастамаларыңыз цифрлық технология саласындағы халықаралық серіктестікті нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенемін.
Бүгінде «Digital Bridge» өте маңызды пікір алмасу алаңына айналды, бұл жерде жаһандық өзгерістер мен цифрлық экономиканың болашағы туралы өзекті ойлар айтылып, маңызды бастамалар көтеріледі. Осы уақыт ішінде форум жұмысына 67 мыңнан астам адам, 500-ден аса ІТ-компания және 100 елдің өкілі қатысты. Қазақстан Еуразиядағы негізгі цифрлық хаб ретінде алдағы уақытта да осы маңызды жұмысты жалғастыра береді».


02 қазан 2025 ж. 52 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031