Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2028 жылға дейін цифрлық ел мәртебесіне жетуі керек – Тоқаев

2028 жылға дейін цифрлық ел мәртебесіне жетуі керек – Тоқаев

Фото: Ақорда
Қазақстан үш жыл ішінде нағыз цифрлық мемлекетке айналуға тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Digital Bridge форумының ашылуында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Форум өткізіліп келе жатқан жылдар ішінде Digital Bridge алаңына 67 мыңнан астам қатысушы, 500-ден астам IT-компания және 100-ден аса елдің өкілдері қатысты. Қазақстан Еуразияның негізгі цифрлық хабы ретінде бұл маңызды істі жалғастыра береді, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамзаттың жасанды интеллект дәуіріне қадам басқанын, ал оның дамуы саясатқа, экономикаға және миллиардтаған адамның өміріне тікелей әсер ететінін ерекше атап өтті.
Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған жаһандық инвестициялар 1 триллион доллардан асты. Алдағы ондаған жылда оның әлемдік экономикаға қосатын үлесі 7 триллион долларға жетуі мүмкін. Алайда бұл тек осы технологияны жауапты пайдалану арқылы жүзеге аспақ, – деді Президент.
Мемлекет басшысы жаһандық нормативтік шеңберлерді қалыптастыру және барлық елдер үшін заманауи технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударды.
Сонымен қатар ол жасанды интеллектіні әскери мақсатта немесе кибершабуылдарда қолдануға жол берілмеуі тиіс екенін қадап айтты.
Бүгінгі таңда еліміз жасанды интеллект тек бейбіт мақсатта қолданылуы тиіс деген ортақ ұстанымын айқын білдіреді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент еске салғандай, Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бұрын ядролық қарудан бас тартып, тарихтағы ең маңызды таңдауын – бейбітшілік пен қауіпсіздік жолын таңдады.
Жақында БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында мен Қазақстанның цифрлық орта мен жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі жаһандық диалогқа үлес қосуға дайын екенін растадым», – деп атап өтті ол.
Біз алдымызға нақты міндет қойдық – үш жылдың ішінде Қазақстан шынайы цифрлық мемлекетке айналуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
 
02 қазан 2025 ж. 132 0

Бүгінгі валюта бағамы

18 қараша 2025 ж. 133

Хабарландыру

18 қараша 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930