Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде мұнайға сұраныс тәулігіне 378 млн баррельге дейін артады

Әлемде мұнайға сұраныс тәулігіне 378 млн баррельге дейін артады

Әлемде мұнайға сұраныс тәулігіне 378 млн баррельге дейін артады. Бұл туралы Kazakhstan Energy Week — 2025 және XVI Еуразиялық KAZENERGY форумында ОПЕК-тің әлемдік мұнай нарығына арналған шолуын жария еткен аталған ұйымның Мұнай зерттеулері департаментінің басшысы Бехруз Байкализаде айтты. 
Фото:
freepik
— Ең алдымен бұл шолу жаһандық экономикалық және саяси ауқымдағы айтарлықтай белгісіздік жағдайында жасалған есте сақтау қажет. Сонымен қатар, бұл шолу саясаттағы айтарлықтай тенденцияларды көрсетеді. Әсіресе АҚШ пен басқа дамыған елдерде негізгі мақсаттарға бағытталған талдаудан алшақтау байқалады. Шолу әлем халқының саны 8,2 миллиардтан 9,7 миллиардқа дейін өседі деген болжам аясында жаһандық өзгерістерді көрсетеді. Мұнан бөлек, урбанизация едәуір өседі. Бұл энергия ресурстарына сұраныстың артуына әкеледі. 2050 жылы қалаларда 1,2 миллиардтан астам адам тұрады деп күтіледі. ЭЫДҰ елдеріндегі жаһандық экономика да шығындардың артуына алып әкеледі, — деді ол.

Оның атап өтуінше, технологиялар да біртіндеп дамиды. Мұнай біртіндеп орын алатын прогресс тиімділікті арттырып, шығындарды азайтуға көмектеседі. Бірақ күрт технологиялық серпілістер күтілмейді.

— Аталған, сонымен қатар технологиялық және саяси мәселелердегі тенденцияларды ескере отырып, бастапқы энергия тасымалдаушыларына деген бүкіл әлемдегі сұраныс күніне 308 млн баррельден 378 млн баррельге дейін, яғни 23 пайызға артады. ЭЫДҰ-ға кірмейтін елдерде бұл сұраныс ОПЕК-ке кіретін елдерге айтарлықтай тәуелді болады және олар 2050 жылы негізгі қажеттілікті айқындайды, — деді ОПЕК өкілі.

Оның мәліметінше, 2050 жылға қарай энергетика саласында мынадай жағдай қалыптасады:
— жаңартылатын энергия көздері 2050 жылға қарай 13,5 үлеске жетеді;
— ядролық энергия да саяси ықпалдың арқасында едәуір өседі;
— көмір сияқты басқа энергия көздерінің үлесі 13 пайыздық тармаққа дейін төмендейді;
— жаһандық электр энергиясына сұраныс артып, өсімді негізінен үй шаруашылықтары мен өнеркәсіп қамтамасыз етеді;
— барлық өңірде сұраныс өседі, бірақ бұл өсімнің 75 пайызы дамушы елдерге тиесілі болады;
— электр энергиясын өндіруде ең үлкен өсім жел және күн секілді жаңартылатын көздер есебінен болады;
— табиғи газ, су электр станциялары мен атом станциялары да үлес қосады;
(9:37) Көмірді біртіндеп шеттету нәтижесінде көмір генерациясы 3,2 ТВт/сағатқа дейін төмендейді;
— көмірді азайту арқылы баламалы энергия көздерінің үлесі 24 пайыздан 65,5 пайызға дейін артады.
Форум барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов компания үшін аса маңызды бағыттарды атаған еді.

02 қазан 2025 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031