Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: “Қазақстандағы қоғамдық өмір мүлдем өзге сипат алады“

Президент: “Қазақстандағы қоғамдық өмір мүлдем өзге сипат алады“

Президент: “Қазақстандағы қоғамдық өмір мүлдем өзге сипат алады“Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Президент цифрландыру ұлтымыздың менталитетіне оң әсерін тигізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Мен Жолдауда цифрлық мемлекет құру Қазақстанның келешегін айқындайтын стратегиялық таңдау екенін айттым. Үш жылдың ішінде цифрлық басқару форматына толық өту міндеті қойылды. Бұл мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара қарым-қатынасын түбегейлі өзгертеді.
Осы мақсатта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жаңа ведомство цифрландырудың және тұрмыстың барлық саласына жасанды интеллектіні енгізудің басты локомотиві болады", - деді Президент.
Басқаша айтқанда, еліміздегі қоғамдық өмір мүлдем өзге сипат алады. Технологиялық тұрғыдан анағұрлым заманауи болады, яғни ұлтымыздың менталитетіне оң әсерін тигізеді.
"Осылайша, біз өркениетке батыл қадам жасаймыз. Мен халқымыздың кейінге қайырылып, өткенмен өмір сүрмей, келешекке сеніммен көз тігуге тиіс екенін бұған дейін бірнеше рет айтқан едім.
Бүгін маған "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің ЖИ технологиясымен жұмыс істейтін виртуальді мүшесінің қызметін көрсетті. Бұл – ұлттық суперкомпьютер мен Қазақстандағы Alem LLM үлкен тілдік модель базасында іске асырылған Орталық Азиядағы алғашқы жоба. Ішкі үдерістердің бәрін оңтайландыруға септігін тигізетін мұндай шешімнің маңызы зор".

02 қазан 2025 ж. 130 0

Кәсіби шеберлік ордасы

11 қараша 2025 ж. 31

Темір жол – өмір жолы

11 қараша 2025 ж. 38

Ауылда мешіт ашылды

11 қараша 2025 ж. 8

Шәкірт шыңдаудың шебері

11 қараша 2025 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930