Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Супер ХҚКО арқылы 18 мыңнан астам қызмет көрсетілді

Супер ХҚКО арқылы 18 мыңнан астам қызмет көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызылордалық Супер халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай танысты.
Супер ХҚКО арқылы 18 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Жыл басынан бері аталмыш аймақ арқылы 18 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Жобаның ерекшелігі – тұрғындар мұнда мемлекеттік қызметтермен қатар 15 түрлі мекеменің қызметін де бір жерден ала алады. Бұл өз кезегінде халықтың уақытын үнемдеуге және қажетті құжаттарын жылдам рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Супер ХҚКО арқылы 18 мыңнан астам қызмет көрсетілді
«Бұл орталықтың жұмысын көріп, халыққа қаншалықты қолайлы жағдай жасалғанына көз жеткіздім. Мұнда қызмет сапасы мен қолжетімділік басты назарда екені байқалады. Алдағы уақытта осындай орталықтарды еліміздің басқа өңірлерінде де дамыту – біздің басты міндетіміз», – деді Дархан Жазықбай.
Сонымен қатар, мемлекеттік корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филалының директоры да орталық жұмысының тиімділігіне тоқталды.
«Супер ХҚКО осыдан бір жыл бұрын жұмысын бастаған болатын. Сол уақыттан бері орталық халық арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Оның басты артықшылығы – азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау. Біз үшін ең маңыздысы – қызмет алушылардың көңілінен шығу және олардың мемлекеттік қызметтерді барынша оңай әрі жылдам алуына мүмкіндік жасау», – деді облыстық филиалдың директоры Аида Абибуллаева.
Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтарына күніне 3 мыңға жуық қызылордалық жүгінеді. Бұл аймақтағы тұрғындардың мұндай форматтағы қызметке жоғары сұранысын көрсетеді.
 
02 қазан 2025 ж. 265 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031