Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: ЖИ тек бейбіт мақсатта пайдаланылуы тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев: ЖИ тек бейбіт мақсатта пайдаланылуы тиіс

2025 жылғы Digital Bridge халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектті тек бейбіт мақсатта қолдану қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, бейбітшілік пен қауіпсіздік жолын таңдағанын еске салды.
"Отыз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік жолын таңдап, ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бүгінде еліміз жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс деп батыл түрде мәлімдейді. Оның әскери салада, кибершабуылдарға және халықаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін жобаларда пайдаланылуына жол беруге болмайды. БҰҰ Бас Ассамблеясының таяуда өткен сессиясында мен Қазақстанның Ұйым аясында Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі жаһандық диалог жұмысына атсалысуға дайын екенін растадым. Біз серіктестеріміздің бастамаларын, соның ішінде Қытайдың ЖИ саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құру туралы ұсынысын қолдаймыз."Президент
"Біз алдымызға нақты мақсат қойдық: Қазақстан үш жыл ішінде нағыз цифрлық ел болуы керек. Бұл – өте ауқымды міндет. Сондықтан біз қазір еліміздің біртұтас цифрлық экожүйесін құру ісімен белсенді түрде айналысып жатырмыз".Мемлекет басшысы
Президент биылғы Қазақстан халқына Жолдауын цифрландыру мен жасанды интеллект мәселелеріне арнағанын нақтылады.
Президент Тоқаев сөзін жалғастыра отырып: "Барлығымыз да бұл революциялық технологияның саясатты, экономиканы және миллиардтаған адамның күнделікті өмірін түбегейлі өзгертіп жатқанын куә болып отырмыз", – деді.
Сарапшылардың бағалауынша, соңғы жылдары жасанды интеллектті дамытуға құйылған жаһандық инвестициялар бір триллион доллардан асып түсті. Ал алдағы онжылдықта оның әлемдік экономикаға қосар үлесі жеті триллион долларға дейін жетуі мүмкін.
"Алайда мұның барлығы жауапты пайдаланусыз мүмкін болмайды. Қазіргі уақытта ЖИ саласындағы жауапкершілік жайлы белсенді пікірталастар жүріп жатыр. Негізгі назар – ортақ реттеу ережелерін қалыптастыру мен барлық мемлекеттердің озық технологиялар мен ресурстарға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Біздің міндетіміз – жаңа технологияларды адамзат игілігіне пайдаланып, оларды прогресс пен ынтымақтастықтың басты факторы ету", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Форум спикерлерінің қатарында Telegram негізін қалаушы әрі CEO Павел Дуров, Sinovation Ventures пен 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим әл-Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребуляев және hi-tech индустриясының басқа да өкілдері болды.


02 қазан 2025 ж. 49 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031