Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сатурнда тіршілік болуы мүмкін – ғалымдар

Сатурнда тіршілік болуы мүмкін – ғалымдар

Фото: ©Pixabay.com
Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕҒА) Сатурнның серігі Энцеладта өмір сүруге қажетті барлық алғышарттар бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Бұл тұжырым «Кассини» ғарыш аппаратының 2008 жылы серіктің оңтүстік полюсіндегі гейзерлерден мұз кристалдарын жинап алған деректеріне негізделген. Ғалымдар жаңа алынған үлгілерде аминқышқылдарының ізашарларын қоса алғанда, күрделі органикалық молекулалар барын растады.
Енді Энцелад тіршілікті қолдай алатын әлем ретінде қарастырылуы үшін барлық талаптарға жауап береді, - деді зерттеу жетекшісі, Берлин еркін университетінің профессоры Нозаир Хаваджа.
Оның айтуынша, Энцеладта өмірдің жоқтығының өзі үлкен жаңалық болмақ:
Мұндайда «барлық қолайлы жағдай бола тұра, неге тіршілік пайда болмады?» деген сұрақ туындайды, - деді ғалым.
Диаметрі шамамен 500 шақырымды құрайтын Энцеладтың бетін мұзды қабық жапқан, ал оның астында сұйық судан тұратын мұхит бар. Гейзерлер суды ғарышқа атқылап, оның бір бөлігі Сатурнның сақинасын құрайды.
Фото: Daily Mail
Жаңа деректер органикалық заттардың Күн сәулесінің әсерінен емес, дәл осы мұхиттың қойнауында түзілетінін көрсетті. Бұл жерде биологиялық тұрғыдан маңызды процестер жүруі мүмкін деген болжамды күшейтеді.
Алдағы уақытта ЕКА Энцеладқа арнайы миссия жоспарлап отыр. Экспедиция серіктің шлейфтерінен мұз үлгілерін жинап, алғаш рет оның бетіне қонуға талпынады.
02 қазан 2025 ж. 233 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031