Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аперитив және дижестив

Аперитив және дижестив

Тамақ алдында аперитив, ал соңында дижестив сусынын ішу әдеті Батыс Еуропада орта ғасырларда пайда болған және бүгінде толыққанды мәдениет ретінде қалыптасып үлгерген. Бұл дәстүр біздің елімізде кең таралмағандықтан, әзірге көпшілікке беймәлім. Дегенмен қазір көптеген жергілікті мейрамханаларда аперитивтер мен дижестивтердің арнайы мәзірі ұсынылып жүр. Дұрыс таңдау жасағыңыз келсе, бұл түсініктермен алдын ала танысып алғаныңыз жөн. Аперитив (латын тілінде «aperīre» – «ашу») – тамақ алдында берілетін спирттік (кемінде 15%) сусындар тобы. Олар тамаққа тәбетті оятып, ас қорытуға көмектеседі. Аперитив ретінде алкогольсіз сусындар да ұсынылуы мүмкін – қарапайым минералды, содалы су немесе қышқыл шырындар (апельсин, лимон, томат, қайың шырындары). Аперитив ретінде ұсынылатын алкогольдік сусындар: • абсент; • шампан; • вермут; • арақ; • сыра; • херес; • портвейн; • виски; • коньяк (арманьяк); • джин; • күшті алкогольді (30-40%) коктейльдер. Дижестив (латын тілінде «digestivus» – «тамақты қорытуға көмектесетін») – тамақты қорытуға көмектесетін спирттік сусын. Ол дастарқанға тамақ ішіліп болған соң қойылады. Дижестив құрамындағы алкоголь аперитивтікіне қарағанда күштірек болады. Себебі тоя тамақтанғаннан кейін, жеңіл сусындардың дәмін онша сезіне алмауыңыз мүмкін. Тамақтан кейін ішілетін алкогольсіз сусындарға шай мен кофе кіреді, бірақ мамандар оларды басқа топқа жатқызады. Дижестив ретінде ұсынылатын сусындар: • ликер мен бальзам; • күшейтілген және десерттік шараптар; • граппа; • кальвадос; • бренди; • виски; • коньяк. Көріп тұрғаныңыздай, бір алкогольдік сусынды аперитив түрінде де, дижестив түрінде де қолдануға болады. Бірақ оларды бір отырыста екі рет қайталай ұсынуға болмайды. Сондықтан аперитив пен дижестивті таңдау кезінде мына кеңестерді басшылыққа алыңыз: • ашық түсті сусындар аперитив ретінде, ал қою күңгірт түстілері дижестив ретінде ұсынылады; • дижестивтер аперитивтерге қарағанда күштірек болуы керек. Аталған ережелерді қадағалай отырып, дұрыс таңдау жасай аласыз. Алайда бұл жерде қатып қалған заңдылық жоқ, сол себепті өз талғамыңызға сүйеніп, қиялыңызға ерік берсеңіз болады.
massaget.kz
04 қыркүйек 2018 ж. 1 706 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 146

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 130

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30