Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауаның ластануынан жыл сайын 3,2 миллион адам диабет ауруына шалдығады

Ауаның ластануынан жыл сайын 3,2 миллион адам диабет ауруына шалдығады

Health Lancet Planetary журналында жарияланған жаңа зерттеу нәтижелеріне сенсек, бүгінгі таңда ауаның ластануы қауіпсіз деңгейде емес. Бұл мәліметтерді АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігі мен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы ұсынып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.
Зерттеу көрсеткендей, 2016 жылы ауа ластануынан 3,2 миллион адам диабет ауруына шалдыққан. Бұл әлем бойынша жалпы көрсеткіштің 14 пайызын құрайды. АҚШ-та бұл фактор жыл сайын 150 мың адамның диабетке шалдығуына әкеледі.
«Ауаның ластануы мен диабет арасында байланыс бары сөзсіз. Ауа ластану көрсеткіші бүгінгі таңда қауіпсіз стандарттардан тым төмендеп кеткен.Көптеген лоббистер қазіргі көрсеткіштерге қатысты шаралар тым қатал екенін айтып жатыр. Дегенмен, бүгінгі таңда бұл деңгей қауіпсіз емес әрі одан әрі қатал шаралар қолдануды талап етеді», дейді Вашингтон университетінің медицина докторы Зияд Аль-Али.
Ауа ластанғанда, оның құрамында зиянды қалдықтар көп мөлшерде болады. Солардың 10 микрометрінің өзі адам ағзасына түссе, өкпені зақымдап, тіпті, қан айналымына өтіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда ағзада кері реакция басталады да, түрлі ауруларыдң тууына себеп болады.
«Он-он бес жыл бұрын біз ауаның ластануы пневмания, астма мен бронхитке әкеледі деп ойладық. Бүгінгі таңда ауаның ластануы жүрек – қантамыр ауруларына, өкпе мен бүйрек ауруларына, тіпті, диабетке әкелуі мүмкін», дейді Нью-Йорк медицина мектебінің жаһандық денсаулық сақтау маманы.
Бүгінгі таңда 30 миллионнна астам америкалық диабетпен ауырады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлем бойынша 2014 жылы 422 миллион ересек адам диабетпен ауырған. Бұл көрсеткіш 1980 жылы 108 миллион болыпты.
Диабеттің пайда болуына физикалық белсенділіктің аздығы, генетикалық қауіп әсер еткенімен, жаңа зерттеу барысында ауаның ластануы да ауру тудыратын факторлар қатарында бар екені анықталды. Мамандардың айтуынша, ауаның ластануы ұйқы безінің инсулин бөлу қабілетін бәсеңдетеді.
Жаңа зерттеуде Вашингтон университетінің Медицина мектебі диабетке шалдыққан 1,7 миллион адамның ауру тарихын қарап шығып, 8,5 жыл бойы бақылауда ұстаған. Сөйтіп соғында НАСА ұсынған ауаның ластану көрсеткіштерімен өздеріні ңзерттеу нәтижелерін салыстырған. Мамандардың айтуынша, ауа ластануының небәрі 3 пайызға артуы жыл сайын 5-6 мың адамның диабетке шалдығуына әсер етеді.
Бұл зерттеудің дұрыстығын мына мәліметтер де дәлелдей алады. Ауа тазалығын сақтап қалу саясатынжүргізуге ресурстары жете бермейтін кедей мемлекеттерде, мысалы, Үндістан, Ауғанстан, Гвинеяда қант диабетінің көрсеткіші өте жоғары. Ал Франция, Финляндия, Исландия сияқты бай мемлекеттерде бұл көрсеткіш төмен.
Ағылшын тілінен аударған:
Алтынай Қуанышбек
Baq.kz
01 шілде 2018 ж. 1 199 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930