Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар ер адамды бедеулікке шалдықтыратын дәріні атады

Ғалымдар ер адамды бедеулікке шалдықтыратын дәріні атады

Аллергияны емдеу кезінде ішілетін кейбір препарат ер адамдарды бедеулікке шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы Буэнос-Айрестегі Биология және эксперименталдық медицина институты ғалымдары айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reproduction журналында жарияланған зерттеу жұмысына сілтеме жасап.
Зерттеу барысында ғалымдар аллергия туралы соңғы 40 жылда жазылған ғылыми жұмыстарды қарап, препараттардың жануарлар денсаулығына қалай әсер еткенін тексерген. Нәтижесінде ғалымдар гистамин белсенділігінің төмендеуі тестостеронның бөлініп шығуына кері әсерін тигізетінін анықтады. Яғни осылайша сперматозоидтар пішіні өзгеріп, олардың белсенділігі мен мөлшері төмендеуі мүмкін.
Мамандар антигистамдық препараттар мен сперматозоидтардың бөлініп шығуының арасында қандай байланыс барын анықтап жатыр. Мұнымен қатар, биологтар мұндай препараттарды көп қолданбауға кеңес берді.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін халықаралық ғалымдар тобы ибупрофеннің жүктіліктің алғашқы триместрінде әйелдердің денсаулығына кері әсерін тигізіп, іштегі шақалақтың түсіп қалуына әкеліп соғатынын анықтады. Ақпан айының соңында денсаулық сақтау министрі Чуваши Владимир Викторов босанғанға дейін жеті ер адаммен төсектес болған әйелдердің бедеулікке сөзсіз шалдығатынын айтқан еді.
12 наурыз 2018 ж. 1 760 0

Үш облыста жол жабылды

06 қаңтар 2026 ж. 118

Руханият шырақшысы

06 қаңтар 2026 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031