Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас келіншек пойыз астына түсіп өлді

Жас келіншек пойыз астына түсіп өлді

Ферғана облысы Өзбекстан ауданында 20 жастағы келін пойыз астына түсіп өлді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.
Жас әйелдің мұндай қадамға баруына үйдегі жанжалдың әсері болуы мүмкін. Марқұмның көршілерінің айтуынша, отасқанына алты ай болған жас келіншекті енесі үйден қуып шыққан көрінеді.
Осыдан соң 20 жастағы Рузихон Эргашева 16 маусымда «Әндіжан – Бұхара» бағытындағы пойыздың астына басылып көз жұмған.
Куәгерлердің айтуынша, пойыз әйелді таптап кеткен.
«Айт мерекесінде Рузихонның анасы қызына қонаққа келген. Ол кеткен соң келіннің енесі шу шығарған. Оған құдағидың әкелген сыйлықтары ұнамай қалған. Қыз өз сүйгеніне қосылған соң, үйіне қайтып баруға ұялған болуы керек», - деді марқұмның көршілері.
Алайда Рузихон Эргашеваның 25 жастағы күйеуі Икболжон Эргашев қайғылы жағдайға үйдегі ұрыс-керістің әсері болмаған деген пікірде.
«Қайғылы оқиға болған күні таңертең Рузихон түсік тастады. Одан соң анам екеуміз оны перзентханаға апардық. Оның балалы болатынын айтып, Рузихонды жұбаттық. Одан соң ол анасының үйіне баратынын айтты. Кешке қайғылы хабарды естідік. Үйімізде ешқашан ұрыс болған емес», - дейді Икболжон Эргашев.
Айта кетейік, өз-өзіне қол жұмсаған Рузихон Эргашева биыл қаңтар айында сүйгеніне тұрмысқа шыққан.

22 маусым 2018 ж. 1 291 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930