Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Англияда жолаушылар мінген пойыз жоғалды

Англияда жолаушылар мінген пойыз жоғалды

   
  Ұлыбританияда пойыздың машинисті бағдарын шатастырып, жүздеген жолаушыны басқа қалаға алып кетті. Бұл туралы Daily Mirror сайты жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
  Пойыз Англияның солтүстігінде орналасқан Ньюкасл-апон-Тайн қаласынан шығады. Қала Лондоннан 446 километр қашықтықта орналасқан. Жолаушылар ел астанасынан 60 шақырым жерде орналасқан оңтүстіктегі Рединг қаласына бару керек болған. Бірақ Донкастер қаласында келеңсіз жағдай болып, диспетчерлер оны вокзалдың сыртындағы күту жолына жіберген. Ал пойыз болса, түсініксіз себеппен дұрыс бұрылмай, оңтүстікке емес, Англияның батысына қарай жүріп кетеді. Машинист Уэст-Йоркшир графтығындағы Понтевракт қаласына барғанда қателескенін түсінеді.
   «Қазір мен жоғалған пойызбен Понтефракт маңындамын. Біз мұнда тұрып қалдық, себебі пойызды жүргізуші жолды шатастырды. Дәл осылай болады деп кім ойлаған?» - деп жазды жолаушылардың бірі Twitter-де.
   Оның айтуынша, жүздеген жолаушы проблеманың шешілуін күткен.
  Понтефракт маңында ұзақ тұрған пойыз артқа қарай шығып, шатасқан жеріне бір сағатта жетті. Содан соң жолаушылар Саут-Йоркшир графтығындағы Шеффилд қаласынан түсіп, Бирмингемге дейінгі пойызға отырды. Кейін Бирмингемнен Редингке дейін басқа пойызбен 1 сағат 40 минутта жетуге болады.

Baq.kz
29 мамыр 2018 ж. 1 403 0

Жол сапасы бақылауда

07 қазан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031