Ғалымдар мидың артықшылығы мен табыс деңгейі арасындағы байланысты тапты
Техас университетінің америкалық ғалымдары адамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы оның миының анатомиясы мен функционалдылығына байланысты екендігіне көз жеткізді.
Мамандардың жұмысы PNAS журналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ғалымдар өздерінің зерттеуіне 20-дан 89 жасқа дейінгі 304 адамды тартты. Олардың әрқайсысы өзінің қаржылық жағдайын сипаттап, білімі және жұмыс істейтін қызмет түрі туралы айтып берді.
Осыдан кейін адамдардың миы магнитті-резонансты томография арқылы зерттелді.
Нәтижесінде, табысы жоғары орта жастағы (35-64 жастағы) адамдарда мансапқа қол жеткізе алмағандарға қарағанда сұр түсті заттар мен күшті нейрондық байланыстардың көп екені белгілі болды.
Зерттеудің авторлары денсаулық пен адам миының жай-күйіне өмір салты, тамақтану және қоршаған орта үлкен әсер етеді деп атап өтті.
Stan.kz