Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйгілі Роналдуға киім тіккен қазақ қызы туралы не білеміз?

Әйгілі Роналдуға киім тіккен қазақ қызы туралы не білеміз?

Танымал футболшы Криштиану Роналдуға шапан тіккен маңғыстаулық дизайнер, «Нұр-Шах» сән үйінің иесі Нұржамал Нұрпейісова тапсырыстың қалай түскенін және орындалуe туралы айтып берді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
"Мен тапсырыс түскенде Ресейде сапарда болдым. Елге оралғанымда, маған «Роналдуға шапан тіктіргісі келеді» деді. Мен алғашында түсінбей қалдым, «Не? Не?", - деп сұрай беріппін». Таңғалып әріптестеріме басқа біреумен шатастырып тұрған болар деп: «Адам сенгісіз. Сен қателескен жоқсың ба?», - деп сұрадым. Олар да: «Жоқ, жоқ Роналду», - дейді. Кім тапсырыс берген дегенімде: «Нефте Сервис» мекемесі екенін айтты. Содан шұғыл түрде байланысқа шықтым", - деді танымал брендтің иесі.
Дизайнердің сөзінше, тапсырыс берушілер ең алдымен шапанның эскизін сұратқан.
"Біздер лезде іске кірістік. Мен алдымен эскиз салатын жергілікті және Ресейдегі суретшілеріме байланысқа шықтым. Сөйтіп, біз ең ақырында он шапанның эскизін ұсындық. Тапсырыс берушілердің басты талабы – шапанның артында Қазақстанның туында бейленеген күн мен қыран бейнеленуі тиіс еді. Біз оны орындадық. Соның ішінде тапсырылған эскизді таңдады", - деді ол.
Нұржамал ханымның айтуынша, шапан Криштиану Роналдудың бапкеріне де тігілген. Сән үйінің ұжымы тапсырысты екі ай бойы тігіпті.
Біз екі ай бойы шапандарды тіктік. Бұл уақытта мен ешқайда кетпей тапсырыстың орындалуын қадағаладым. Мен шапандарды тапсырғаннан кейін барып Дубайға ұшып кеттім. Маған бұл тапсырыспен жұмыс жасаған ерекше ұнады. Стресс емес, қарбаластықтың әсерінен бар күшімді жұмсап, қажетті заттарды өзім іздедім, - дейді дизайнер.
Криштиануға шапанды тапсырған сәтте дизайнер Дубайда болған.
"Мен Дубайда жүргенде фото жіберді. Содан кейін ғана мен инстаграмдағы парақшама салдым. Барлығы мені құттықтап жатты... Бұл біз үшін үлкен мәртебе, мақтаныш. Мен оны ерекше жақсы көремін. Өзінің еңбегімен өзінің болашағын қалыптастырған жан. Оның футбол ойнаудағы техникасы керемет, - деп аяқтады сөзін Нұржамал Нұрпейісова.
NUR.KZ
31 наурыз 2018 ж. 5 269 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930