Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстаулық дизайнер «Рухани жаңғыру» атты көйлек тікті

Маңғыстаулық дизайнер «Рухани жаңғыру» атты көйлек тікті


Маңғыстау облысында танымал сәнгер Тарбия Айдымбаева өзі тіккен көйлегіне "Рухани жаңғыру" деген атау берген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл көйлеті тігу жобасының авторы - өңірлік коммуникация қызметінің жетекшісі Айсұлу Дүтбаева. Ал идеяны танымал сәнгер және сән үйінің жетекшісі Тарбия Аймымбаева жүзеге асырды. "Рухани жаңғыру" көйлегі әрі ұлттық дәстүрде, әрі заманға сай үлгіде тігілген. Бұл идеяны өмірге әкелген сәнгерлер мен тігіншілер көйлектің таныстырылымын жоғары деңгейде атап өтуді жөн көріпті.
«Біз киімнің нобайын жасау туралы ұсыныс алған кезде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құс-символын зерттей бастадық: қандай түстер, қай түс қай жерде орналасқан, олардың мәні қандай дегендей. Ал логотипте 7 ғана түс берілген. Қазақ үшін әрине, 7 киелі сан. Соған қарамастан бұл суретте әлемнің барлық сапасы мен адамның генетикалық коды негізге алынған. Жер бетіндегі тірі адамды бейнелейтін 7 саны арқылы ұлы Әлемнің (Хаос) энергиясы мен аурасын, ғылымда - бір өріс немесе толқындарды, ал қазақтарда - ата-бабаларымыздың рухы арқылы берілетін энергиялар арасын байланыстыруға болады. Біз құс-символдың мән-маңызын түсініп, 7 санының қасиетін таныған соң, өз жұмысымызға кірістік, макетімізді жасап, арнайы матаны көйлек ретінде пішуді бастадық. "Рухани жаңғыру" көйлегі әрі ұлттық дәстүрде, әрі заманға сай үлгіде тігілген" - дейді дизайнер Тарбия Айдымбаева.
Baq.kz
08 қаңтар 2018 ж. 3 276 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930