Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кока-Коланың» шығу тарихын білесіз бе?

«Кока-Коланың» шығу тарихын білесіз бе?

1886 жылдың наурыз айында Атланта қаласында мамандығы фармацевт полковник Джон Пембертон бас ауруын жазатын дәрі табуға талпыныс жасап, карамель түсті сироп қайнатты. Сусынға кока жапырағының қайнатпасын, қант және кофеин қосқанда, сироп тәтті әрі қою болып шықты. Пембертон өз туындысын «Джейкобс» дәріханалары арқылы сатты. Стаканын 5 центтен саудалап, күніне аздап болса да пайда түсіріп тұрды. Кейін сусынға газдалған су қосып, «Кока-Кола» деген атқа ие болды. Аты мен түпнұсқа шрифтін серіктесі Фрэнк Робинсон ойлап тапты.
Пембертон қайтыс болған соң оның жесірі табысты бизнесмен Аза Кендлерге «Кока-Коланың» рецептін 2300 долларға сатқан. Кендлер сусынды металл ыдысқа құйып, оны өзінің патенттелген бальзамына қосып қайнатты. Содан бастап 10 жыл бойы емдік сусын ретінде танылды. Ал 1893 жылдың 31 қаңтарында АҚШ-та «Кока-Кола» тауар белгісі тіркелді. Сол жылы нью-берндік жас фармацевт Калеб Брэдхэм газдалған су, қант, ваниль, сирек кездесетін майлар мен кола жаңғағынан фармацевтикалық қоспа әзірлеп, эксперимент жасады. Бұл ерекше қоспа «Брэд сусыны» деген атпен дәріханаларда ас қорытуға, адамды көңілдендіруге арналған сусын ретінде сатыла бастады. Тек 5 жылдан соң Брэдхэм өз сусынына «Пепси-Кола» деген ат беріп, сауда белгісін тіркеді. Содан бері ғасырдан астам уақыт өтсе де, «Кока-Кола» мен «Пепси-Кола» әлемдегі ең танымал сусын атағына әлі де таласып келеді.
30 наурыз 2018 ж. 6 101 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930