«Ақша табам, қатын алам!». Өзбектер Ресейге не үшін барады?
Атам қазақ «қарыз ал да қатын ал» деп, бекер айтпаған екен. Теңін тапқан өзбек азаматтары сүйген жарын айттырып, құда түсіп, үйлі-баранды болу үшін Ресейге табыс табу үшін аттанса, тәжік ағайындар мен қырғыз бауырлар нәпақа тауып, отбасын асырау үшін барады екен.
Қарызданып, қауғаланып…
Санкт-Петербор мемлекеттік университеті «Транснационализм и миграционные процессы» зертханасының қызметкерлері Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген мигранттардан жауап алып, олардың неліктен Ресейге табыс табуы үшін келгендерін біліпті.
Әлеуметтанушылар Ресейде жұмысқа тұру мақсатымен бұрын ешқашан өз елдерінен, яғни Тәжікстаннан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан кетіп көрмеген 18-23 жас шамасындағы жігіттер арасында сауалнама жүргізіпті.
Нәтижесінде, Тәжікстан мен Қырғызстаннан келетіндердің басым көпшілігі Ресейге өз елінде қалған бала-шағасын, туған-туыстарын асырау үшін келетіні анықталса, Өзбекстаннан келген жігіттер үйленуге, той жасауға қажетті ақша табу үшін келгендерін алға тартыпты.
Сондай-ақ зертхана қызметкерлері Ресейге жету үшін мигранттарға қанша қаржы керек екенін де есептеп шығарыпты.
Олардың есебі бойынша, Орта Азиядан келетін еңбек мигрантының қолында, кем дегенде, 500 АҚШ доллары (шамамен, 160 мың теңге) болған жөн екен.
Оның $110 (35 мың тг) Ресейге дейінгі жолақыға кетсе, шамамен, $230 (74 мың тг) — жұмысқа тұрғанша, алғашқы күнкөріске кететін шығын және тағы $200 (64 мың тг) ресми мәртебеге қол жеткізу үшін жұмсалады екен.
«Бұл табысы төмен немесе мүлдем жұмыссыз отырған адамдар үшін өте қомақты қаржы.
Сондықтан, көп ретте, олар табыс табуға аттану үшін достары мен туыстарынан немесе несие беретін ұйымдардан қарыз алады», — дейді Санкт-Петербор мемлекеттік университетінің доценті Павел Лисицын.
Атап айтарлығы, әлеуметтанушылар көп ретте, Ресейге қоныс аудару олар үшін көптеген қауіп-қатер төндіреді екен. Олардың негізгілері ретінде психологиялық және әлеуметтік тұрғыдағы қатерлер:
Көп ретте, мигранттар өздері қоныс аударатын аймақ, ол жақтағы тұрмыс туралы ештеңе білмейді