Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустың жаңа штамдарына шоқжұлдыздар атауы берілуі мүмкін

Коронавирустың жаңа штамдарына шоқжұлдыздар атауы берілуі мүмкін

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Мария ван Керхов грек альфавитінің әріптері коронавирустың жаңа штамдарын белгілеу үшін жеткіліксіз болса, оларға шоқжұлдыздар атауы берілетінін жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

ДДСҰ сарапшысы грек алфавитінің 24 әрпі жеткіліксіз болған жағдайда, штамдарды ежелгі грек құдайлары есімімен атау нұсқасы бұрын қарастырылғанын, бірақ кейін одан бас тартқандарын айтты.

"Біз шоқжұлдыздар атауын беру нұсқасын шынымен қарастырып жатырмыз. Грек құдайлары есімін беру туралы ойладық, бірақ мен: "Өтінемін, мені көпшілік алдында мұны айтуға мәжбүрлемеңіздерші" деп сұрадым", - деді ДДСҰ-ның COVID-19 бойынша техникалық жетекшісі.

Айта кетейік, ДДСҰ мамырдың соңында SARS-CoV-2-нің жаңа штамдары грек алфавиті әріптерімен белгіленетінін хабарлаған болатын. Жаңа атаулар қызығушылық немесе алаңдаушылық тудыратын нұсқаларға беріледі. Грек алфавиті әріптерін қолдану жаңа нұсқаларды шығу тегі бойынша белгілеу тәжірибесінен аулақ болуға көмектеседі. ДДСҰ мәліметінше, бұл белгілі бір штамм алғаш рет табылған елдер мен аумақтарды кемсітуі мүмкін.

Қазіргі уақытта коронавирустың алты штамы маңызды деп танылған: "Кластер 5", "Альфа", "Бета", "Гамма", "Линия B.1.525" және "Дельта". Осы штамдардың төртеуін - "Альфа", "Бета", "Гамма" және "Дельта" - ДДСҰ "алаңдаушылық тудырады" деп мойындаған болатын.
08 тамыз 2021 ж. 490 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 41

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 55

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031