ДДСҰ басшысы коронавирустың зертханадан таралуы нұсқасын жоққа шығармады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адан Гебрейюс коронавирустың зертханадан таралуы туралы нұсқаны жоққа шығаруға әлі ерте деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол Қытай билігін COVID-19-дың шығу тегі туралы ынтымақтастық орнатуға шақырды. Наурызда ДДСҰ Уханьға жіберген сарапшылары вирустың көзін нақты анықтай алмады деп мәлімдеді.
Енді ДДСҰ COVID-19 инфекциясының алғашқы жағдайлары болған зертханаларды тексеруді жоспарлап отыр. “Біз Уханьдағы мекемелердің аудиті туралы айтып отырмыз, оның аумағында SARS-CoV-2 алғашқы аурулары 2019 жылдың желтоқсанында анықталды. Тексеру – ДДСҰ хатшылығы коронавирустың пайда болуын зерттеу аясында жасауға ниетті бес қадамның бірі.
Сонымен қатар, ұйым адамдар мен жануарларды, Уханьдағы жануарлар базарын, сондай-ақ SARS-пен байланысты басқа коронавирустар анықталған аймақтарды зерттеуді жоспарлап отыр. Гебрейюс коронавирустың шығу тегі туралы тергеу саясатсыз, ғылыми жұмыс болуы керек деп атап өтті. Бұл көзқарасты Қытай да қолдайды.