Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ сарапшысы пандемияны жеңу шартын атады

ДДСҰ сарапшысы пандемияны жеңу шартын атады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшысы қандай жағдайда әлем коронавирус пандемиясын жеңетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AccessWDUN сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан коронавирустың таралу қаупін планетадағы барлық адамның кемінде 80 пайызы вакцина салдырған жағдайда ғана азайтуға болатынын айтты. Оның сөзінше, СOVID-19 пандемиясы аясында кеңінен вакцинамен қамту өте маңызды.

"Қазір ол не болуы керек екені белгісіз. Бірақ біз вирус жұқтыру қаупін едәуір азайту үшін әлем халқының шамамен 80 пайызын вакциналау керек деп болжап отырмыз", - деді Майкл Райан баспасөз мәслихатында.

Сарапшы бұл ереже вирус жұқтырғандар саны аз елдерге де, ауру деңгейі жоғары елдерге де қатысты екенін айтты. Райанның сөзінше, біріншілеріне ашылу қиын болады. Бұл аурудың елден-елге көшуіне байланысты, жаңа ошақ пайда болуы жоққа шығарылмайды.

Бұған дейін ДДҰ басшысы Тедрос Адан Гебреисус СOVID-19 пандемиясын алдағы айларда бақылауға алуға болатынын айтқан еді.
08 маусым 2021 ж. 581 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930