Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия

Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия

Шығыс мəдениетін зерттеуші Вячеслав Рузов үнді данышпандарының айтып кеткеніне тоқталыпты. Тізімге көз жүгірткен адам біразымен еріксіз келісері сөзсіз.
Айтылмауға тиісті бірінші құпия – келешекке құрған жоспар. Жоспар толыққанды орындалмайынша ол туралы тіс жармау керек. Адамның кез-келген ойы бастапқыда əлжуаз болып тұрады. Өне бойы шұрық-тесік келеді. Кез-келген жерінен кілтипан тауып, ізгі ойды ойсыратып алуға болады.
Екінші құпия – қайырымды істер туралы ешкімге айтпау. Қайырымды іс – жер бетінде сирек кездесетін құбылыс, сондықтан оны көздің қарашығындай сақтау керек. Өзіңізді жақсылық жасағаныңыз үшін асыра мақтамаңыз. Мақтау адамды тəкəппарлыққа тез ұрындырады.
Үшінші құпия – тақуалығыңыз туралы көпшілікте айтпау. Тамақ, ұйқы, күлкі, төсек қатынасына қатысты шектеулеріңізді ешкімнің білмегені жөн. Тəннің шектеуі көңілдің тақуалығымен үйлессе ғана пайдалы.
Төртінші құпия – жасаған ерлік, батырлық туралы үндемеу. Əр адам күнделікті сан-алуан оқиғаларды бастан кешіреді. Біреу білектің күшімен жеңіп жатса, біреудің ақылы асады. Күшпен жеңген адамның ерлігі тез бағаланады. Ішкі арпалысты ешкім байқай бермейді. Сондықтан ол үшін ешкім марапат бермейді.
Бесінші құпия – рухани жетілу туралы айтпау. Рухани байлық тек сіздікі. Оны ешкімге айтып абырой жинай алмайсыз. Айналаңыздағы адамдардың шын мұқтаждығын көрсеңіз ғана шет жағасын айтыңыз.
Алтыншы құпия – үйдегі ұрыс-керіс пен отбасылық өмір туралы үндемеу. Есіңізде болсын: отбасыңыздағы ұрыс туралы неғұрлым аз айтсаңыз, оның ынтымағы берік бола түседі. Ұрыс – араласу барысында жиналып қалған зиянды қуат. Түйткілді көп талқылаған сайын оған өзіңіз көбірек сене бастайсыз.
Жетінші құпия – баяғыда естіген жаман сөздер туралы айта бермеңіз. Көшеде жүріп аяқкиімді былғап алуға болады. Ал, кейде сананы да былғап алатындар болады. Жолда келе жатып естіген бар қаңсық сөзді үйге келіп айтқан адамның табалдырықтан аттап, былғаныш аяқ киіммен төрге озған адамнан айырмасы жоқ.
Дереккөзі: bilim-all.kz
15 наурыз 2018 ж. 1 822 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 58

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 51

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930