Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күлімдеу

Күлімдеу

Адамзат ең қуатты қаруға ие, ол күлкі.
Марк Твен
Келеңсіз бір жағдайды, көңілсіз күйді қалай қуанышты халге келтіруге болады? Мұның оңай жолы бар. Күлімдеуді үйреніңдер және күні бойы күлімдеп жүріңдер. Айнаға қарап күлімдеп, жиі тәжірибе етіңдер. Шынайы, табиғи
тұрғыда күлімдеп жүруді үйреніңдер. Күлімдеу өздігінен, шынайы болмайынша ешкімге пайдасы тимейді.
Бір кәсіпкер ағамыз: «Күлімдеуді білмейтін адам дүкен ашпасын» дейтін еді. Күлімдеп жүру жұмыста да, үйде де, сыртта да өмірдің барлық кезеңдерінде өзіңе де, өзгелерге де пайдалы болып табылады.
Оқуға немесе жұмысқа бару үшін өз қалауыңызбен тұрып, үйден көңілді шыққан күндеріңіз көп болғандығына сенімдімін. Көңіл күйдің жақсы болғандығынан жүзіңізге жарасқан сүйкімді түрде күлімдеп шықтыңыз. Таңертеңгілік уақыттағы бұл күлімдеу рухыңызға шабыт, құлшыныс беруде еді. Егер бүгін немесе алдағы күндердің бірінде қандай да бір себеппен жүзіңіздегі күлімдеу жоғалған болса, қайтадан күлімдеңіз. Осылайша жетістіктің баспалдақтарынан шығу жеңілдей түседі.
Күлімдеген, көңілді күймен жүріңіз және іске сенімділікпен кірісіңіз. Ешкімнің, ешбір себептің қабағыңызды түйдіруіне жол бермеңіз. Тіпті телефонмен сөйлескенде де күлімдеп сөйлесіңіз. Тұтқадағы адам сізді көрмесе де күлімдегеніңізді сезеді, болымды түрде әсерленеді. Осыны әдетке айналдырғаныңызда көп ұзамай адамдармен диалогтарда жүзіңізде жылы, жағымды күлімсіреу орын алатын болады.
Адамдардың көңіліне шаттық ұялататын, жылулық беретін нәрсе – жылы жүз, күлімдеу. Күлімдеу садақа бергендей сауап болып саналатынын да естен шығармау керек.
Күлімдеу – шығынсыз келетін олжа.
www.gibrat.kz
21 ақпан 2018 ж. 2 536 0

Жұрт ағылған жәрмеңке

19 тамыз 2025 ж. 14

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031