Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Марста алғаш рет оттегі алынды

Марста алғаш рет оттегі алынды

Марс атмосферасынан алғаш рет оттегі алынды. Бұл Қызыл планетаға жіберілген Moxie қондырғысы арқылы орындалды, – деп хабарлайды 24.kz Life.ru-ға сілтеме жасай отырып.

“Бұл технологияны таныстыру, жариялау  енді басталып жатыр», — деп мәлімдеді NASA және болашақта бұл әдіс Марста оттегін алуға және сақтауға, оны адамдардың өмірі үшін пайдалануға мүмкіндік беретінін де айтып өтті.

“Әзірге тек бес грамм оттегі алынды. Бұл – бір ғарышкердің он минут ішінде дем алуы үшін жеткілікті. MOXIE-дің өндірістік қуаты сағатына он граммды құрайды. «MOXIE-дің жұмысы әлі де жетіле түседі, бірақ осы нәтижелер біздің мақсатымызға бір табан жақындағанымыз деп есептеймін. Оттегі біз демалатын нәрсе ғана емес. Оттегі зымыран отынын алу тұрғысынан маңызды, болашақта зерттеушілер үйге қайту үшін Марста жанармай алуы керек», — деді NASA ғылыми дирекциясы жетекшісінің орынбасары Джим Рейтер.

Еске салайық, Perseverance кемесі 2021 жылдың 18 ақпанында Марсқа қонған еді. Ол Қызыл планетаға 2020 жылдың 30 шілдесінде NASA-ның Марс-2020 миссиясы аясында ұшырылды. Келесі күні құрылғы түсірген алғашқы фотосуреттер пайда болды. 6 наурызда аппарат өз қозғалысын бастады, тіпті «селфи» жасады.
turkystan.kz
02 мамыр 2021 ж. 1 320 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930