Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда заманауи оттегі станциясы өз жұмысын бастады

Қазалыда заманауи оттегі станциясы өз жұмысын бастады

Бүгін Қазалы ауданаралық ауруханасында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған оттегі станциясы ашылды.

Аудандар арасында алғашқы болып ашылған станцияға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбитбек Пазылов арнайы келіп, медицина саласы қызметкерлерінің қуанышымен бөлісті.
– Бүгін біздің аудан үшін ерекше есте қалатын тарихи күн деп айтсақ болады. Себебі аудандардың арасында алғашқы рет ауруханадан оттегі станциясы ашылып отыр. Енді біздің дәрігерлеріміз оттегі тапшылығын сезінбейді. Бұл станция біздің ауданнан бөлек, көршілес Арал мен Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласына оттегі жіберуге мүмкіндігі бар. Станцияның ашылуына «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ демеушілік жасап, қамқорлық жасады, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбитбек Пазылов дәрігерлер қолдау көрсеткен аудан басшысына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Мұнан соң аудан әкімі Мұрат Ергешбаев оттегі станциясының жұмысымен танысып, заманауи құрылғылардың мүмкіндіктерін көрді.
Мамандардың айтуынша, бұл келіп жатқан жабдық техника қауіпсіздігі толық ескеріліп, автоматтандырылған заманауи құрылғы. Оттегі станциясы сағатына 40 текше метр оттегі шығарады. Шамамен сағатына 6 баллон, тәулігіне 120 баллон өндіреді. Оттегінің тазалығы 99.5%, яғни медициналық талапқа сай.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
25 желтоқсан 2020 ж. 2 301 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 188

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031