Сұлулық үшін аяқтарын кішірейтіп тастаған әйелдер қорқынышты күйге түскен
Қытайда сан ғасырдан бері әйелдер сұлу көріну үшін аяқтарын кішірейтуге тырысып, оны бинттеп тастайтын болған. Британдық фотограф Джо Фаррелл 13 жыл бойы әдемілік үшін азап шеккен әйелдерді суретке түсіріп, жұрттың жағасын ұстатты деп хабарлайды woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қытайлық қыздар табан сүйектерін кішірейту үшін бес жастан бастап аяқтарын бинтпен орап тастайды екен.
Оған қоса кішкентай аяқ киімдер киіп, барынша қысуға тырысады. Нәтижесінде аяқ сол қалыпқа түсіп, суда өсетін лотос гұліне ұқсап қалатын көрінеді.
Бұл дәстүр қазір қорқынышты болып көрінгенімен, 100 жыл бұрын Қытайда қалыпты құбылыс болып саналған.
Халық қыздардың 7 сантиметрден аспайтын аяқтарын ең әдемі, ал 10 сантиметрден асқандары онша тартымды емес деп тапқан екен.
Қытайдағы аяқты бинттеу дәстүріне мемлекет билігі 1911 жылы заңмен тыйым салған. Алайда ауыл халқы оны 1939 жылға дейін үзбей жасап келген.
Бүгінде Қытайда кішкентай аяқты әйедер өте аз қалған. Олардың көпшілігі 90 жастан асып кеткен әжелер.