Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ирандық әйелдер хиджабқа қарсы шықты

Ирандық әйелдер хиджабқа қарсы шықты

Тегеран полициясы хиджаб киюге қатысты заңға қарсылық білдіріп ереуілге шыққан 29 әйелді тұтқындады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Полиция бөлімшесінде оларды қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алынды деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде ирандық әйелдердің орамалдарын шешіп, ту ұстап тұрған суреттері пайда болған еді. Құқық қорға органдары, тұтқынға алынған әйелдер шетелдік пропагандашылардың ықпалына ұшыраған деп айтты.

Міндетті хиджап киюге қатысты заңға мемлекеттің экс-президентінің қызы Фаезе Хашеми Рафсанджани да қарсы шыққан.

«Хиджабты міндетті түрде кию керек деген заңға қарсымын. Кез келген адамның таңдау құқығы болуы қажет. Мен өзімді мұсылман феминистерінің қатарына жатқызамын. Әйелдер мен ерлердің құқығы тең болуы керек», - дейді ол.

Айта кетер болсақ, ирандық әйелдер мен өзге ұлт өкілдеріне қоғамдық жерлерде орамалсыз жүруге қатаң тыйым салынған заң 1979 жылы қабылданған. Соңғы жылдары мұндай талаптың орындалуына баса назар аударуда.
05 ақпан 2018 ж. 1 520 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930