Ракпен ауыратын 9 жасар бала қарындасының туылғанын күтіп, оны құшақтап болғаннан кейін қайтыс болды

Осыдан бір жыл бұрын Купердің қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болыпты. Дәрігерлер шұғыл емдеуге кіріскенімен, баланың денсаулығы жақсармайтынын айтқан. Өйткені, оның ісігі үшінші кезеңге өтіп кеткен екен.
Купердің анасы 28 жастағы Рэйчел кешегі қараша айында дүниеге қыз алып келді. 24 желтоқсан күні Рождество мерекесі қарсаңында ол нәрестені Бэйли жатқан ауруханаға алып келіп, ұлына қарындасын алғаш рет көрсеткен. Науқас бала нәрестені құшақтап, иіскеп, оған Милли деп ат қоюды сұрапты. Ал, ертесіне Бэйли ұзаққа созылған ауруынан қайтыс болды.
Анасының айтуынша, қайтыс боларынан бұрын Бэйли рождестволық сыйлықтардың тізімін жазып қалдырған екен. Онда ол Санта Клаустан өзіне ешнәрсе сұрамаған, тек 6 жасар інісі Райлиге түрлі сыйлықтар беруін өтініпті. Оның соңғы тілегі орындалды дейді анасы.
sn.kz