Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » NOBEL сыйлығының су жаңа иегерлері

NOBEL сыйлығының су жаңа иегерлері

2020 жылдың 5-12 қазан аралығында 119-шы Нобель апталығы өтті.
Коронавирустықпандемияғабайланыстыжелтоқсанайындамарапаттаурәсімі телетрансляция форматындаболды. 10 желтоқсан күні Стокгольм қаласында Альфред Нобельді еске алу үшін әдебиет, физика, химия, физиология, медицина және экономикалық ғылымдар бойынша марапаттар беріледі. Осы жолы тұсаукесер алдында Швеция королі салтанатты сөз сөйлеп, рәсім Моцарттың шығармасын орындаумен басталып, Дэвид Боуидің “Батырлар” композициясымен аяқталды. Сонымен ғылымға, әдебиетке қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын иемденген су жаңа нобелиаттармен танысайық.

Медицина және физиология саласындағы Нобель сыйлығын 2020 жылы британдық ғалым Майкл Хоутон, Харви Альтер және Чарльз Райс иемденді. Нобель комитетінің пікірінше, олардың жұмысының арқасында С гепатиті вирусының қаупі жойылуы мүмкін.
Нобель комитетінің пресс-релизінде “А және В гепатитінің вирустарының ашылуы алға қарай маңызды қадам болғаны даусыз. Бірақ қан арқылы берілетін гепатиттің көптеген жағдайлары түсініксіз күйінде болғаны айқын. С гепатиті вирусының ашылуы созылмалы гепатиттің қалған жағдайларының себебін анықтауға көмектесті және миллиондаған адамның өмірін сақтап қалған қан анализі мен жаңа дәрі-дәрмектерді жасауға мүмкіндік берді” делінген.
Вирусолог Харви Альтер 1970 жылдары АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институтындағы әріптестерімен бірге гепатиттің белгісіз түрі вирустық сипатқа ие және ауру адамдарға да, маймылдарға да қан арқылы берілуі мүмкін екенін дәлелдеді.
«Chiron» фармацевтикалық фирмасында жұмыс істеген Майкл Хоутон вирустың генетикалық тізбегін құруға кірісті. Ол шимпанзе қанынан барлық ДНҚ-ны жинап, белгісіз гепатитпен ауыратын адамдардың қанынан антиденелер оның қандай фрагменттеріне жауап беретінін табуға тырысты. Тек 1989 жылы Шығыс Англия университетінің түлегі британдық Майкл Хоутон С гепатитінің геномын анықтай алды.
Американдық вирусолог Чарльз Райс Сент-Луистегі Вашингтон университетінде 1997 жылы клондалған вирус көбейіп, гепатит тудыруы мүмкін екенін дәлелдеді.
Нобель комитеті ғалымдардың ашқан жаңалығы “қан құю кезінде С гепатитінің берілу қаупін жоятын жоғары сезімтал сынақтарды” және ауруды емдеуге арналған препараттарды жасауға мүмкіндік бергенін түсіндіреді.
Физика саласындағы Нобель сыйлығы екінші жыл қатарынан астрофизикадағы жаңалықтары үшін беріліп отыр.
Сыйлықтың жартысы 1965 жылғы есептеулер үшін Британдық Роджер Пенроузға берілді. Комитет түсіндіргендей, ғалым “қара құрдымның пайда болуы ­ жалпы салыстырмалылықтың сенімді дәлелі”екенін түсіндіргені үшін сыйлыққа лайық деп танылған. Нобель комитетінде айтылғандай, ол қара құрдым Альберт Эйнштейннің жалпы салыстырмалылығының тікелей салдары екенін дәлелдеуде керемет математикалық әдістерді қолданған. Пенроуздың бұл жұмысы осы саладағы Эйнштейннен бергі ең маңызды үлес болып саналады. Сыйлықтың екінші жартысын американдық астрофизиктер Райнхард Генцель мен Андреа Гез бөлісті. Оларға құс жолы галактикасының ортасынан үлкен нысанды анықтағаны үшін берілген. Әлемдегі ең үлкен телескоптарды қолдана отырып жұмыс істеген ғалымдар үлкен телескоп арқылы құс жолындағы жұлдызаралық газ бен шаң бұлттары арасынан жұлдыздардың үйіндісін тартып, оларды қатты жылдамдықпен қозғалуға мәжбүрлейтін өте ауыр көрінбейтін нысанды тапты.
2020 жылы Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары экономистер Пол Милгром мен Роберт ­Вилсон болды. Сыйлық аукцион теориясын жетілдіргені және жаңа аукцион форматтарын ойлап тапқаны үшін берілді. Нобель комитетінде түсіндірілгендей, аукциондар қазіргі экономикада адамдардың өміріне өте маңызды тікелей әсерін тигізеді. Әлемнің әр түкпірінде күнделікті қомақты қаржы аукцион арқылы айналымда жүреді. Мысалы, аукциондар теориясы адам мүлікті сатып алған кезде немесе оның электр энергиясы үшін төлем сомасы пайда болған кезде жұмыс істеп тұрады. Сондықтан жаңа аукцион форматтарын құру қазіргі өмір үшін өте маңызды, – деп түсіндірді Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика бойынша сыйлық беру комитетінің басшысы профессор Петер Фредриксон.
Әдебиет бағытындағы сыйлыққа американдық ақын Луиза Глюк ие болды. Йель университетінің профессоры Луиза Глюк ақындық шеберліктен сабақ береді. Американдық ақындар академиясында төрағалық етіп, 2003-2004 жылдары ақын-лауреат атағына ие болған.
Химия саласындағы Нобель сыйлығын американдық Дженнифер Дудна және француз Эммануэль Шарпантье геномды өңдеу әдісін дамытқаны үшін алды.
2012 жылдан бастап француз микробиологы мен американдық биохимик “генетикалық қайшыларды” – геномды өңдеуге, жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің ДНҚ-ны өзгертуге қабілетті CRISPR/Cas9 әдісін зерттеді. Ғалымдар ойлап тапқан “генетикалық қайшылар” өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің ДНҚ-ны салыстырмалы түрде тез және жоғары дәлдікпен өзгертуге көмектеседі. Геномды өңдеу әдісінің мәні мынада “қайшылар” вирустардың ДНҚ-ны танып қана қоймай, оларды басқаруға да мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта “генетикалық қайшылар” онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа әдістерін клиникалық зерттеулерде қолданылады.
Ғалымдар кез келген ДНҚ молекуласын алдын-ала белгіленген жерде кесіп, оны “қайта жаза” алады. Ғалымдардың пікірінше, бұл құрал ауыр ауруларды, соның ішінде қатерлі ісік ауруын емдеуді дамытуға зор ықпалын тигізеді. Биылғы жағдай химия саласындағы Нобель сыйлығының тарихында екі әйел бірден алған алғашқы премия ретінде тарихта қалары сөзсіз.

Дайындаған
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ

09 қаңтар 2021 ж. 3 283 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930