Қиялдай білу – білімді болудан артық
Альберт Эйнштейн – физик-теоретик, гуманист, қоғам қайраткері, физика бағыты бойынша Нобель сыйлығының (1921 жылы) лауреаты.
► Үнемі жетістікке ұмтылу орнына өміріңізді мәнді етуге тырысыңыз.
► Анаңыз бөлме неге шашылып жатқанын сұраса, "Тек ақымақтар жинақы жерде тұрады, данышпандар хаосты жақсы көреді" деп жауап беруге болады.
► Өмір сүрудің екі тәсілі ғана бар. Бірінші – ешқандай ғажайыпқа сенбеу. Екінші – өмірде барлығы ғажайыпқа құрылған.
► Өмір велосипед айдау тәрізді. Тепе-теңдік сақтау үшін үнемі қозғалыста болуың керек.
► Оқып, үйренгеніміздің барлығын ұмытып қалған кезде, есімізде не қалса, сол ғана алған біліміміз боп есептеледі.
► Сіз барлығы қарапайым деп ойлайсыз ба? Иә, бәрі де қарапайым. Бірақ тіпті де олай емес.
► Ақылға сыймайтын әрекетке барған жан ғана мүмкін еместей көрінген шыңды бағындырады.
► Ең сорақы ақымақтық – бір нәрсені қайталай отыра басқа нәтиже күту.
► Үшінші дүниежүзілік соғыста не боларын білмеймін, бірақ төртінші дүниежүзілік ұрыста таяқ және таспен соғысады.
► Болашақ туралы ешқашан ойлмаймын. Ол біз ойлағаннан да тез келеді.
► Мен өлімге ескі қарыз ретінде қарауды үйрендім. Ерте ме, кеш пе оны қайтару керек.
► Бәріміз де данышпанбыз. Бірақ сіз балықты ағашқа өрмелеп шығуына қарап бағалайтын болсаңыз, ол өмір бойы өзін ақымақ санап өтеді. ► Бір кезде арнасынан асып кеткен ақыл енді қайтып бұрынғы қалпына түспейді.
► Өзгеге арналған өмір ғана мағынаға толы.
► Ешқашан қателеспеген адам – жаңаны тануға ұмтылмаған адам.
► Өз қиялымда мен суретші секілді сурет сала аламын. Қиялдай білу білімді болудан да артық. Білім шектеулі, ал қиял шартарапты шарлай алады.
► Шығармашылықтың құпиясы шабыт алу көзін жасыруда жатыр.
► Адам құндылығы неге қабілетті екенінде емес, не бере алатынында. Табысты адам емес, бағалы жан болуға тырысыңыз.
► Алдымен ойынның барлық ережесін жаттап алу керек. Содан кейін барлығынан жақсы ойнауға тырыса аласыз.
massaget.kz