Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дежавю жайлы не білеміз?

Дежавю жайлы не білеміз?

Болып жатқан оқиғаны бұрын-соңды басыңыздан өткеріп немесе түсіңізде көрген секілді күй кешіп көрдіңіз бе? Мұндай жағдай сіздің де басыңыздан өтті. Ал мұны ғылымда «дежавю» деп атайды. Ендеше осы құбылыс туралы талдап көрелік.
Дежавю – басыңыздан бұрын өткендей сезілетін жағдай. Басқа ракурстан алсақ, дәл қазір болып жатқан жағдайға осыдан біраз уақыт бұрын тап болғандай күй кешу. Ол – француз тілінен аударғанда «көріп қойғанмын» деген мағына берсе керек. Яғни бұл іс-әрекет бұрын болғандай көрінетін психикалық ахуал. Бірақ бұл сезім дәл ертеректегі оқиғамен байланыспай, жалпы болған кезбен сәйкеседі.
Дежавю кезінде бірнеше секундтан кейін не болатынын алдын-ала аңғарасың. Тіпті сол сәтте қарсы тұрған адамның не айтқысы келіп тұрғанын білесің. Әдетте бұл сезім 5-10 минутқа созылады.
Оның әсері өте қатты болуы мүмкін, тіпті бірнеше жылға есте қалады. Десек те адам білген сияқты болған нәрселерді еске түсіре алмайды. Зерттеулерге сенсек, 97 процентке дейін дені сау адамдар дежавюді бастарынан өткізген. Ал эпилепсия ауруына шалдыққандар мұны жиі көреді. Бұл құбылысты адамдар өздері болдырта алмайды және әрбір сау жанда сирек болып тұрады. Сондықтан дежавю ғылыми зерделеуге қиындық туғызуда. Қазірде мұны тек батыстықтар емес, сондай-ақ Ресей де толыққанды зерттеп жатыр. Соның ішінде Андрей Кургенның «Феномен дежа вю» деген жұмысында толқудың нақты себебі – екі оқиға бір-бірінің үстіне қабаттасуы болып табылады. Құдды болашақтың қазіргі кезбен ауысып кеткені секілді.
Негізінен ғалымдар мұны «естің қателігі» деген тұжырымға тоқталған. Ал мұның неліктен пайда болғанына ғылымда әзірге жауап жоқ.
Бұл жоғарыда сөз еткендей, жаңа ортада адамдармен танысқан сәтте немесе белгілі бір оқиға бұрын сіздің басыңыздан өткендей әсер қалдырады. Бірақ қалай әрі қашан болғанын қанша тырыссаңыз да еске түсіре алмай қиналасыз. Бұл өткен өмір тәжірибесі ме әлде түйсік пе? Қаншама зерттеу жұмыстары жүргізілсе де, әлі күнге дейін дежавю құбылысының қайдан, не себепті пайда болатынына жауап табылмаған. Бұл – адам өмірінің бір сәтін бұрын бастан кешкеніне сенімділік танытатын ішкі сезімі. Дежавю естілетін тіркестер, көрген образ бен сезімдер арқылы іске асады. Осы феномен бірнеше болжамдардың туындауына әсер етуде. Көп жағдайда құбылысты түсіндіру үшін тылсым дүниелердің көмегіне жүгінеді. Алайда ғылым оның басқаша түсіндірмесін табу үшін түрлі тәжірибе мен талдама жүргізуде.
Зерттеу барысында құбылыс адамның сезімі, эмоциясы деңгейінде іске асатыны дәлелденген. Оны сезінген адамды бақылау әрі сараптау өте қиын. Ғылым саласындағы қиындықтардың негізі зертхана жағдайында шақыра алмаудан туындайды. Бұған басымдық танытқан сала – психология. Бұған «Déjà vu» деген терминді француз зерттеушісі Эмиль Буарак енгізді. Қазақ тілінде мағынасы – көрілген, сезілген, бастан кешкен. Құбылысты зерделеу барысында ғылымдар бірнеше рет мистикалық түсіндірмемен бетпе-бет келген. Әрине ғылыми тұжырымның аз болуы, дәлелдің болмауы осындай пікірдің туындауына себепші. Эзотерикамен айналысатын адамдар дежавю құбылысын өткен өмірдің белгілері деп қабылдайды. Адам реинкарнацияға ұшыраған деген тұжырым айтады. Басқа түсіндірме болмаған соң, ғалымдар бұл пайым аясында жұмыс істей бастаған. Атақты психолог Фрейдтің шәкірті К.Г.Юнг бірде дежавюді сезінген. Дегенмен оның тұжырымынша, бұл – өткен өмірдің белгілері емес, генетикалық есте сақтау қабілетінің мүмкіндігі. Бұндай қабілет Юнг қоғамда орын алатын бейсаналық психикалық үрдістердің жиынтығына жатқызған. Осылайша адам миының бір бөлігі осы жолмен естелікке ие болады.
Негізінен дежавю кезінде адамдар олардың ата-бабасы бастан кешкен жағдаймен бетпе-бет келеді. Мұның кеңінен тараған бірнеше себебі бар.
Атап айтсақ, дежавюді сезінетін адамдардың басым бөлігінде психикалық ауытқу мен жүйке жүйесінің орнықты жұмыс істемеуі байқалған. Одан соң эпилепсия. Талма ауруына шалдыққан адамдар мұны басқалардан жиі кешіреді. Ал күйзеліс кезінде құбылысты сезіну жүйкеге күш түскенде көбірек сезіледі және мидың шайқалуы, бас сүйектің зақымдануы дежавюдың туындауына себеп болады.
Таңның атуы, әдемі ғимарат көру, ұстау арқылы ми қабылдаған сезімдер санада сақтаулы тұрады. Араға уақыт салып, сондай сезімдерді өзге қалада, не елде сезінеді. Сол себепті ми бұрын орын алған оқиға ретінде белгі береді.
Дежавю құбылысының ең қарапайым түсіндірмесі, «ұмыт болған түс» деп аталады. Көп жағдайда белгілі бір нәрсені шектен тыс уайымдап, оқиғаның қалай өрбитінін өзіміздің санамызда елестетуге тырысамыз. Кейін оны түс ретінде де көреміз. Нәтижесінде есте қалмаған түстер шынайы өмірде орын алуы осы құбылыстың туындауына себеп болады.
Дежавю саласы бойынша тәжірибеге сүйенсек, бастапқы уақытпен салыстырғанда, ғылым бұл құбылысты зерттеу саласын дамытуда ілгері жылжығанын байқаймыз. Өйткені жаңа теория мен тәжірибе қорытындысы пайда бола бастады.
XX ғасырдың ортасында Уайлдер Пенфилд эпилепсия дертіне шалдыққан адамдармен жұмыс істеген. Олардың миына аздаған электр разряды жіберілген. Емделушінің көз алдына бейнелер келіп, кейін дежавю құбылысын сезінгенін айтқан. Сол сәттен оны ми жұмысының бұзылуымен байланыстырады. Бірнеше мыңдаған зерделеу барысында мидың гиппокамп аймағы мен ми сыңарлары оның туындауына себеп болған. Гиппокамп дегеніміз – мидың бұл бөлігі ақпаратты жинайды, сараптайды және сақтайды. Ол адамға өткен мен бүгінді ажыратуға сол арқылы кітапты бұрын оқығанын, фильмді көргенін, адаммен таныс екендігін ұғады. Бірақ жаңа мен ескі ақпарат арасындағы шекара бұзылып, гиппокампқа күш түскен жағдайда оның жұмысы бұзылады.
Дежавю – ғылым сырын әлі ұқпаған құбылыс. Осы уақытқа дейінгі зерттеулерде мүмкін себеп пен олардың нұсқалары ұсынылды. Бірақ әлі де жауабы табылмаған сұрақ күйінде қалады.
Абзал ЖОЛТЕРЕК

27 қазан 2020 ж. 798 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930