Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде мектептердің бір бөлігі оқушыларды жазғы каникулға жіберді

Ресейде мектептердің бір бөлігі оқушыларды жазғы каникулға жіберді

Ресейдегі бірқатар өңірлердегі мектеп оқушылары 1 мамырдан бастап немесе мамырдағы мерекелерден кейін мерзімінен бұрын каникулға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

РФ Білім министрлігі 14 наурызда өңірлерге коронавирустың алдын алу үшін қашықтан оқуға көшуге кеңес берді. Сәуір айының басында министрлік қажет болған жағдайда бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқушылар үшін оқу жылын мерзімінен бұрын аяқтауға, оныншы сынып оқушыларын 30 мамырға дейін каникулға жіберуге, ал тоғызыншы және он бірінші сыныптарды емтихандарға 5 маусымға дейін дайындауға рұқсат берді. Оқушылар аяқталған тоқсанның нәтижелері бойынша бағалануы тиіс, ал өтпей қалған оқу материалдары келесі күзге қалдырылды. Карелияда 1 мамырдан бастап бастауыш сынып оқушылары демалады. Сонымен қатар, Хабаровск өлкесінде бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгі оқушылар сәуір айынан бастап демалысқа жіберілді, ал 1 мамырдан бастап 4-7 сынып оқушылары үшін демалыс басталады. Кабардино-Балкарияда, сондай-ақ Ульянов облысы мен Алтай Республикасында 1 мамырдан бастап 1-8 сынып оқушылары демалысқа шығады. Саратов облысы мен Чувашия Республикасында сегізінші сыныпқа дейінгі балаларға демалыс мамыр мерекелерінен кейін басталады.

01 мамыр 2020 ж. 692 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 55

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 59

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031