Қазақстанда ниқаб және бұрқа кигені үшін 338 доллар көлемінде айыппұл салынады
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Дін және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеттің басшысы Еркін Оңғарбаев бұл елде ниқаб және бұрқа кигені үшін 338 доллар көлемінде айыппұл салынатыны жайлы хабарлап: "Бұл шаралардың дінге қатысы жоқ. Оларды жүзеге асыру еліміздің азаматтары қауіпсіздігі үшін қажет.
Қоғамдық жерлерде ниқаб, бұрқа және шаңғы маскасын кию тәртіп сақшылары үшін жеке тұлғаны анықтауға кедергі жасап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының тиімділігін төмендетті",- деп мәлімдеді.
Жаңа заңға сәйкес, қоғамдық мекендерде тек медициналық маскаларды, ал қауіпсіздік маскаларын жұмыс орындарында киюге ғана рұқсат етіледі.
Шаңғы маскасын тек спорт кешендерінде ғана киюге болады. Кері жағдайда 113 450 теңге, сәйкесінше 338 доллар көлемінде айыппұл салынады.
Қазақстанда ниқаб немесе бұрқа киюге тек дипломаттарға ғана рұқсат етілген.
syrboyiweb@