Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Шексіз әлем – шектеусіз мүмкіндік

Шексіз әлем – шектеусіз мүмкіндік

Қоғамның қай саласына көз салсақ та, тағдыр тауқыметіне қарамастан еңсесін түсірмеген, өмірге құштар жандарды жиі кездестіреміз. Әсіресе ерекше балалардың қоғамнан тыс қалмауы – бүгінгі күннің басты талабы. Оларға қолдау көрсету, белсенділігін арттыру және ортаға бейімдеу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналып отыр. Ерекше балалар – біздің қоғамның ажырамас бөлігі, ертеңгі күннің үміті. Олардың әлемді қабылдауы бөлек, жүректері нәзік, ал өнерге деген құштарлығы шексіз.
1 маусым – Халықаралық балаларны қорғау күніне орай, Қазалы қаласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған атты облыстық фестиваль өтті. «Бір әлем – бір жүрек» деген атаумен өткен бұл отбасылық өнер мерекесі балалардың талантын танытып, жүрегіндегі жарықты сыртқа шығаратын тамаша шығармашылық алаңға айналғандай.
Мерекелік іс-шараның шымылдығын Қазалы қаласы әкімі аппаратының бас маманы Талант Ерімбетов ашып, ата-аналар мен балаларды айтулы мерекемен құттықтады.
«Жарқыраған күндей күлкісі мен тәтті тілімен әлемді ғажап ете алатын балаларымыздың қуанышы – баршамыздың ортақ бақытымыз. Адамзат қоғамы әрқашанда өз ұрпағын түрлі қауіп-қатерден қорғап, олардың жарқын болашағы үшін күресіп келеді. Ұрпағымызға қамқорлық жасау, балалардың денсаулығын сақтау мен оларға саналы тәрбие беру – аса маңызды міндет. Бүгінгі фестиваль – жас өрендердің өнерге деген құштарлығын, өмірге деген құлшынысын көрсететін ерекше сәт. Бұл біздің жүрегімізге жылу, көңілімізге медеу сыйлайды. Бүгінгі мереке әрбір отбасыға шаттық, жүректерге нұр сыйласын!» – деді Талант Ерімбетов.
Қазалы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен бұл ауқымды шараға Қызылорда қаласы мен облыстың түкпір-түкпірінен келген 14 жасқа дейінгі 10 ерекше дарын иесі қатысты. Олар вокал, хореография, халықтық орындау және көркемсөз оқу жанрлары бойынша бақ сынап, өздерінің шексіз мүмкіндіктерін дәлелдеді.
Сахна төрінде өз өнерімен көрерменді тәнті еткен жас жұлдыздар қатарында қызылордалық Асылзат Сейдәлимқызы, жалағаштық Айару Ғанибекқызы, қазалылық, Дария Ибрахим, аралдық Айханым Шүкірбай, қазалылық Малика Болатбек, сырдариялық Ихсан Серікбаев, қазалылық Нұрислам Мұратбай, шиелілік Замира Әбілқасым, қармақшылық Нұрдәулет Дүйсеналин, қазалылық Әмина Қанатбай сынды балалар бар.
Өнерпаздардың талпынысы мен еңбегі елеусіз қалған жоқ. Сахнада жарқыраған әрбір бала мен олардың қанатын қомдап жүрген жетекшілеріне қала әкімінің Алғыс хаты мен қаржылай сертификаттар табысталды.
Аталған игі шараның жоғары деңгейде өтуіне «Халық» мешітінің жамағаты мен аймақтың жүрегі жылы, қолы ашық азаматтары қолдауын аямады.Осы орайда, ізгілікті істің басы-қасында жүрген бірқатар жанашыр жандарға құрмет көрсетілді. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерлер Гүлнұр Тілепова Төребекқызы, Мейрамбек Нұғыманов, Жасарал Сералы, Нұрхан Бердімұратов және «Нұралы» мешітінің бас имамы Рүстем Ешмаханға аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың Алғыс хатын табысталды.
Ерекше балалардың шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың дарыны мен мәдени ерекшелігін дамыту – тек бір күннің емес, тұтас қоғамның тұрақты міндеті. Инклюзивті орта қалыптастырып, олардың ешкімнен кем емес екенін сезіндіру, тәуелсіз өмір сүруіне ықпал ету – әрбір азаматтың парызы. Мұндай балалардың қоғамға толыққанды бейімделуі үлкен махаббат пен қолдаудан басталады. Егер біз оларға жүрек жылуын аямай, сенім білдіре алсақ, олардың өмір жолы бұдан да жарқын, болашағы бұдан да ғажайып болары анық.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
---
02 маусым 2026 ж. 8 0

Жаңа жол – жайлы орта

02 маусым 2026 ж. 21

Тағзым мен тағылым

02 маусым 2026 ж. 25

Балаларға базарлық

02 маусым 2026 ж. 15

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930