Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 20 өңірінде Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылды

Қазақстанның 20 өңірінде Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылды

Басқармалар балаларға қатысты мәселелерге жедел ден қою мен өңірлік қызметтердің жұмысын үйлестіруге жауапты болады.
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі Telegram
Еліміздің барлық өңірлерінде Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары өз жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын жаңғырту аясында 20 өңірде Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылды. Қазіргі таңда бұл басқармаларда 135 маман қызмет атқарып жатыр.

Жаңа құрылымдардың негізгі міндеті – балаларға қатысты мәселелерге жедел ден қою, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға нақты көмек көрсету және өңірлік деңгейдегі тиісті қызметтердің жұмысын үйлестіру. Бұл жүйе балалардың құқықтары мен мүдделерін жергілікті жерде тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

Реформаның маңызды бағыттарының бірі – кадрлық әлеуетті күшейту. "5 мың балаға – бір маман" қағидаты енгізіліп, жыл басынан бері қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметкерлерінің саны үш еседен астам өсіп, 303-тен 1029 маманға жетті. Сонымен қатар мамандар үшін бірыңғай жұмыс стандарттары мен кәсіби даярлау бағдарламалары енгізілуде.

Институционалдық өзгерістер аясында қызметкерлердің бірыңғай келбетін қалыптастыруға да ерекше назар аударылған. 2026 жылғы 22 наурыздан бастап белгіленген үлгідегі қызметтік киім кию қағидалары күшіне енді.

Айта кетейік, бұл бастама Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп жүзеге асырылып отыр.
01 маусым 2026 ж. 21 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930