Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балғындарды шаттыққа бөледі

Балғындарды шаттыққа бөледі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі үйден білім алатын оқушылардың үйіне арнайы барып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік кездесуде Жамбыл Жабаев атындағы №234 мектептің 4-сынып оқушысы Әбубек Мансұр мен Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің үйден оқитын оқушысы Ерлан Елдар арнайы құттықтауға ие болды. Аудан басшысы балалардың хал-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады. Кездесу барысында балаларға арнайы әзірленген сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер айтылды. Аудан әкімі балаларға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, білімге деген құштарлық пен жарқын болашақ тіледі.
– Әрбір ата-ана үшін балалардың шат күлкісі мен қуанышынан артық еш нәрсе жоқ. Әрбір бала қамқорлық пен мейірімге бөленіп өсуі тиіс, – деді аудан әкімі.
Бұл мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамның ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндерге деген жанашырлығы мен қолдауын айқын көрсетті.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
02 маусым 2026 ж. 191 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031