Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Шөбі шүйгін, малы қоңды мекен

Шөбі шүйгін, малы қоңды мекен

Тарих – адамның жады, рухы, һәм тілі. Халықтың ұлттық рухын көтеру үшін, оның тарихын білу парыз. Академик Манаш Қозыбаев Жалаңтөс баһадүрге «...Қорқыт Ата» жырлаған оғыз батырларының ерлігі 12 дастан болса, Жалаңтөс батырдың жекпе-жек соғыста 42 рет жеңіске жетуінің әрқайсысы бір-бір дастан бола алады. Сондықтан Жалаңтөс баһадүрдің тарихи тұлғасын зерттегенімізде, оны бір рудың төңірегінде қарамай қазақ халқының арасынан шыққан бүкіл Тұран өркениетінің ұлы перзенті деп қарауымыз керек» деп баға берген.
Бүгінде Қарашеңгел ауылының орталығы – Тұран елінің мақтанышы, қазақтың батыры «Жалаңтөс батыр» бабамыздың есімімен аталады. Округ орталығы Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 12 шақырым жердегі «Сырдария» жайылмасының қамыс, құрақ басым өскен шалғын топырақты шөлді белдемінде орналасқан. Ауыл халқы негізінен егін шаруашылығымен айналысады.
Заманында Қиыр Шығыстан Қазақстанға қоныс аударған «корейлерге» Үкіметтен 20-ға жуық үй салынып ауыл орталығына қоныстанған. Сол кездері корейлердің қатарында абырой атағы асқақтап тұрған ауыл шаруашылығының ұйымдастырушысы Қ.Пірімов басқаратын «Қызылту» ұжымшарының күрішшілері бригадасында Петр Пак звено жетекшісі болып еңбек еткен.
1948 жылы П.Пактың звеносы өздеріне бекітілген 5 гектар күріштің әр гектарынан 80,5 центнерден өнім алған. Еңбектегі осындай ерлігі үшін оған бір жылдан соң «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілген.
«Қызылту» ұжымшарының төрағасы бірінші болып танк жасау қорына 100 мың сом ақша беріп, бұл істе көпшілікке үлгі болды. Бұдан кейін Қ.Пірімовтың бастамасымен танк жасау қорына жәрдем көрсету ауданда қызу басталды.
«Жалаңтөс» ұжымшарының төрағасы Бермахан Мәшенбаев 100 мың сом, «Қызылту» ұжымшарының звено жетекшісі Сухан Олжанов 30 мың сом және 400 пұт астық, осы ұжымшардың бригадирі Петр Пак 50 мың сом және 250 пұт астықты Отан қорғау қорына салған. Міне осындай қажырлы еңбектің арқасында өз ұжымын жоғары табыстарға жеткізген. Сол арқылы ауданның атын шығарған. «Қызылту» ұжымшарының төрағасы Қ.Пірімов КСРО Жоғарғы Кеңесіне 3 дүркін депутат болып сайланған.
Осы ауыл 1934-1949 жылдары №3 ауыл Советі болып аталып, оған Басықара, Ленин, Қызылту колхоздары қараған. Кейін Қарашеңгел ауылдық Советі деп өзгереді. 1977 жылға дейін Қарашеңгел ауылдық кеңeci болып, кеңеске Басықара, Құмжиек, Қызылту ауылдары қараған. Бұл ретте Қызылту совхозының орталығынан кеңсе салынып, Үйрек, Водокачка, Алтай, Ойынды, Көбек елді мекендерден тұратын өз алдына Қызылту совхозынан Ауылдық кеңес болып ашылған. Уақыт өте 90 жылдық тарихы бар «Ауылдық Совет» 1991 жылдан Қарашеңгел ауылдық округі болып жұмыс жасады. Сонымен елдегі жаңа қаулыға байланысты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің құжаты бойынша Қызылту совхозына жаңадан «Жалаңтөс батыр» аты берілді.
1997 жылдың шілдесінде бұл ауылдық округ таратылып, Қарашеңгел, Басықара, Құмжиек, біріктірілді. Құмжиек ауылдық округі болып құрылды.
2000 жылдың сәуір айында Қарашеңгел ауылдық округі қайта құрылды.
Ауылдық округ 6 елді мекенге жауап береді. Мұнда 1598 адам тұрады. Отбасы саны – 302, оның ішінде Жалаңтөс батыр ауылының халқы – 1167, отбасы саны – 216. Үйрек елді мекенінде – 68 адам тіркелген. Онда 21 отбасы бар. Шитүбекте халық саны – 102, 24 отбасы тізімге бекітулі. Алтай жол айрығының тұрғыны – 78, 10 отбасы бар. Ойындыда 99 адам тұрады. Жанұя есебі – 21. Көбектегі 17 отбасында 84 адам тірлік етеді. Ауыл халқы сапалы ауыз су, аяқ сумен қамтамасыз етілген.
2017 жылы Үйрек елді мекеніне сметалық құны 34055,07 теңгеге сервистік жүйемен ауыз су жүргізілді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 10 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. Ауылдық округте Қ.Пірімов атындағы №103 қазақ орта 250 орындық жаңа типтегі мектеп заманауи талапқа сай білім береді. Кішкентайларға «Алақай» шағын орталығы, №14 «Сәуле» бөбекжай-балабақшасы қызмет көрсетеді. Тұрғындардың денсаулығын түзетуде «Жалаңтөс» дәрігерлік амбулатория тынбай еңбек етуде.
Сонымен қатар бос уақытты тиімсді өткізуге кітапхана, ауылдық клуб жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ Арал-Сарбұлақ топтық су құбыры пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімшесіне қарасты №11 су көтеру стансасы, почта байланыс бөлімшесі, ветеринарлық пункт, автоматтандырылған телефон стансасы 145 телефон нүктесімен халыққа қызмет көрсетуде.
Округ бойынша 1517 мүйізді ірі қара, 4346 уақ мал, 1549 жылқы, 78 түйе бар. «Жалаңтөс батыр» ЖШС-гі «Қият», «Қыдыр», «Өркен», «Рауан», «Дін-Нұр», «Қуан-Ата», «Жалаңтөс батыр», «Ұлан», «Сая», «Салмаев Ш», шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығымен айналысып, 113 адам маусымдық жұмыспен қамтылды.
Мал шаруашылығымен айналысып отырған жеке және заңды тұлғалардың «Ауыл шаруашылығы бірдейлендіру» дерекқор жүйесінде бұрын тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу үшін «Жасыл дәліз – 3» бағдарламасы арқылы – 258 бас мал тіркелді.
Қарашеңгел ауылдық округі бойынша 53 шағын және орта бизнес субъектілері бар. Оның ішінде 2 заңды тұлға, 15 шаруа қожалығы, 1 кооператив, 35 жеке кәсіпкерлерден тұрады. Қарашеңгелдік кәсіпкерлердің барлығы дерлік белсенді.


А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
---
08 қараша 2022 ж. 434 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930