Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтырған ит қаппасын

Құтырған ит қаппасын

Осыдан он жыл бұрын ел арасында құтырған ит деген түсінік болмады десек қателеспейміз. Бұған дейін адамдар “ит тістеп алыпты”, “ит талап тастаған” деген әңгімені көбірек айтатын. Өзіміз де төрт аяқтының азу тісінің өткірлігіне бірнеше рет көзіміз жеткен кездер болды. Бірақ ақыл-естен алжасып, сырқаттану жағдайы кездеспегенін айта кетейік. Соңғы кездері құтырған итке таланып, аураға шалдыққан, тіпті мертіккен адамдар туралы көп естіп жүрміз. Бұл ауру тасушылармен күресті одан әрі жетілдіре түсу керектігін көрсетеді.

Негізінен аталған ауруға көбінесе мысық пен ит сияқты үй жануарлары шалдығады. Мамандар келтірген мәліметтерге сүйенсек, ауырған жануар тынышсызданып, тамаққа беттемейді. Итаяғына су құйсаңыз үрейленіп, қаба бастайды. Оның ауру жұқтырғанын осы белгілерінен-ақ байқауға болады. Үргенде дауысы күндегіден қарлығып шығып, аузынан сілекей шұбырады. Бір аптаға жетпей аузы көбіктеніп, өледі.
Ал құтырған ит тістеген адамның клиникалық көрінісі тіптен аянышты. Зардап шеккен адам хайуан тісі тиген жерін ауырсынып, мазасы қашады. Көтеріңкі көңілден айрылып, ұйқысы қашады. Түрлі дыбыстарға үрки қарап, ашуға ерік береді. Уақыт өте келе су мен жарықтан жиреніп, ақыл есінің ауытқуы байқалады. Бет-әлпеті жаңа ғана жылаған адамның түріне ұқсап, тыныс алудан қиналады. Ақырында өлім алдында талмасы ұстап, сал болып қалады. Көбіне тыныс алу жолдарындағы сілекейі қоюланып, ауа жұта алмай жан тапсырады.
Қазіргі таңда аталған аурумен күрес амалдары ауданда да жан жақты жүргізілуде. Дәрігерлер сырқаттың көктем мезгілінде көп кездесетінін айтып, дабыл қаққанымен аудандық ветеринария бөлімі мамандары құтыруды жылдың кез келген маусымында жұқтырып алу қаупі бар екенін ескертеді.
– Құтыру ауруының нақты маусымы болмағандықтан, ол жыл бойы тіркелетін ауру болып саналады. Сондықтан, адамдар мен жануарларға ортақ құтырма ауруының алдын алу мақсатында қала, кент және ауылдық округтердегі ветеринар мамандарға ауыл шаруашылығы жануарларының, иттер мен мысықтардың нақты есебін бере отырып, оларды паспорттап, құтырмаға қарсы екпе жасатып алу қажет. Сол малдың немесе ит-мысықтардың паспорттарына екпе жасалғандығы туралы жазба міндетті түрде енгізілуі керек, – дейді бас маман Ғани Махмұт.
Сондай-ақ ол ағымдағы жылы аудандық ветеринария бөліміне қарасты ветеринариялық станция тарапынан құтырған жануарларды аулаумен айналысатын бригада жұмыс істейтінін айтты. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 6,372 млн теңге қаржы қаралған. Көлік жүргізуші мен екі атқыштан құралған топ қазіргі күнге дейін 3 мыңға жуық ит пен 500-ден аса мысықтың көзін жойған. Жауаптылар жыл аяғына дейін тоқтаусыз жұмыс істейтіндерін айтып отыр.
Осы тұста ит адамға шабуылдап, зардап келтірілсе, міндетті түрде жауапкершілікке тартылатынын қа­пер­де ұстаған жөн. ҚР Азаматтық кодексінің 124 бабына сәйкес, үй жануарлары да азаматтық құқықтың нысаны болып саналады. Қазақстанда әлі күнге дейін үй жануарларын меншіктейтін тіркеу жүйесі болмаса да азаматтық кодекске сәйкес, оның басқа біреуге тигізген залалы үшін иесі жауап беретіні түсінікті. Құтырған ит зардап шегушіге қаншалықты ауыр жарақат салса, ит иесіне тағылатын айып та ауырлай түседі. Нәтижесінде адам өлімі орын алса, ит асыраушысы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
24 қыркүйек 2019 ж. 1 866 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930