Жаттығу жеңіске жетелейді
Қазалы ауданы көк туымызды көкте желбіреткен айбынды спортшыларға бай. Оның ішінде бокстан талай чемпиондарды даярлап шығарған үлкен шеберхана десек те болады. Кез келген ірі жарыстарда қоржынды жүлдеге толтырып, мерейімізді үстем ететін – осы спорт түрі. Жуырда Францияның Нормандия қаласында өткен бүкіләлемдік гимназиада өтті.
Дүбірлі додада аудан, қала ғана емес ел абыройын арқалап барған былғары қолғап шебері, жерлесіміз Ақтілек Орынбасар алтыннан алқа тақты. Бүгінгі күні жастар арасында қарсыластарына дес бермей, оқ бойы оза шауып жүрген боксшымен жеке кездесіп, спорттық мансабындағы алдағы жоспарлары жайында аз-кем әңгімелескен болатынбыз.

– Ақтілек, ең әуелі спорттың дәл осы түрін таңдауға не әсер еткенін білсек. Жалпы, боксқа қалай келдің?
– Менің спорттың бұл түріне келуіме үлкен ағамның септігі тиді. Себебі – ол жастайынан спортпен оның ішінде күреспен шұғылданатын еді. Соның әсерімен кейін спортқа деген қызығушылығым оянды. Осылайша 8 жасымда бокспен айналыса бастадым. Сол тұста мені өз шәкірті еткен бапкерім – Жәнібек Аралбаев. Осы азаматтың біліктілігінің арқасында күн-түн демей жаттығу жасап, шыныға түстім. Алтыншы сыныпқа көшкенімде Кызылорда облысындағы Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебіне оқуға түстім. Ал ол жақтағы жаттықтырушым Асхат Жеңісбеков болды. Осы уақыт ішінде екі бірдей бапкердің еңбегі еш кетпей небары 8 сыныпта облыста өткен халықаралық Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлын еске алуға арналған турнирде 44 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жеңімпаз атандым. Осылайша спорт шеберіне үміткер атағын алдым.
– Францияның Нормандия қаласында өткен гимназиадаға тоқталайық. Дүбірлі додада жеңімпаз болу үшін қанша уақыт жаттығуда болдың?
– Кез келген спортшы үнемі жаттығу жасап, бабында жүруі керек. Себебі рингтегі жағдай дайындықсыз келген былғары қолғап шеберіне қиын болады. Ол қанша жерден атағы айға жетіп тұрған мықты болса да, жұдырықтасу барысында жаттығудың бар не жоқ екені білінеді. Сондықтан жаттығудан қол үзбедім. Гимназиадаға баратынымды білгенде өзімді одан әрі шыңдай түстім.

Бізді Нормандия қаласына дайындап апарған Қазақстан Республикасының бокстан жастар құрамасының жоғары жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев болды. Бапкер қай уақытта спортшыға рух беру қажет екенін жақсы біледі. Сенің шаршы алаңдағы іс-қимылыңа қарап отырып, кеткен қателікті түзеп отырады. Барлық жағынан түсіндіріп, қарсыластың осал тұсын табуға жәрдемдеседі.
– Жарыс болған соң қобалжып, жолдан шығып қаламын деген қорқыныш болмады ма?
– Қанша дегенмен бүкіләлемдік дода ғой. Әр жердің кіл сен тұр мен атайын үздіктері жиналды. Онда 70 елден 4000 оқушы спорттың 18 түрінен бақтарын сынады. Ал Қазақстаннан ең мықты деген 234 оқушы іріктеліп алынды. Нормандия қаласына жолға шыққанда басты мақсат қандай жағдай болмасын елге жеңіспен оралу болды. Санадағы артық ойлардан арылып, тек озат болуды ойладым. Алаңға шыққаннан қарсыластардан басым түсуді жоспарлап, әлсіз тұстарын іздеумен болдым. Сондықтан ешқандай қорқыныш, үрейге ерік бермедім. Алайда «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» дегендей, екінші ойдың да болғанын жасырмаймын.

Ширек финалда Венгрия мемлекетінің спортшысымен кездестім. Ал жартылай финалда румыниялық былғары қолғап шеберінің әлсіз тұсын таптым. Осылайша финалда украиналық жігітпен қолғап түйістірдім. Алла сәтін салып, ақтық сыннан да сүрінбей өттім.
– Әрбір спортшының бала күннен үлгі тұтатын спортшысы болады. Сен кімге еліктеп өстің?
– Қазақстанның көк туын көкке желбіретіп, әнұранын шырқатып жүрген боксшылар жеткілікті. Айта берсек көп. Барлығы мықты. Соның ішінде жас боксшылар үлгі тұтатын былғары қолғап шеберлерінің басында Бекзат Саттарханов ағамыздың тұрғаны белгілі. Ал мен бала күннен екі дүркін Олимпиада чемпионы украиналық Василий Ломаченконың жекпе-жектерін қарап, соған еліктеп өстім. Бұған ешкім ренжи қоймас. Себебі әрбір спортшының өзіне ұнайтын спорт майталманы болады.
– Спорт болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Өзің іштей өкінетін, «әттеген-ай» деген кезің болды ма?
– Өткенге өкінуге болмас. Бірақ кей тұста «неге бұлай жасамадым?» деген сәттер кездеседі. Осы жылы Черногория мемлекетінің Будва қаласында халықаралық жарыс өтті. Барлығы ойдағыдай басталғанымен ақтық сында сүріндім. Бұған біреуді кінәлаудан аулақпын. Барлығы өз қолымда тұрғандай болды. Бірақ соңғы тұста күміс жүлдені қанағат қылуға тура келді.

– Алдағы жоспарыңмен бөліссең?
– Барлық спортшының мақсаты бір. Ол – Әлем, Олимпиадада топ жару. Үздік болып, өзгелерден озат болу. Менде сол жолда аянбай еңбек етемін. Аудан, облыс қана емес мемлекетіміздің намысын әлемдік аренада қорғауға күш саламын. Алдағы уақытта Испания елінде өтетін Әлем Чемпионатына жолдама алып, бұданда жоғары көрсеткішке жеткім келеді. Бүгінгі жоспар ұдайы жаттығуда болып, нәтижесін рингте көрсетіп, жеңімпаз атану. Қазақстанға алтынмен оралып, ел абыройын асқақтату.
– Ашық әңгіме өрбіткеніңе рақмет! Жеңісті күндерің көп болсын!

Әңгімелескен
Абзал ЖОЛТЕРЕК
Абзал ЖОЛТЕРЕК